Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірінің, денсаулығының, тұтынушылардың мүдделерінің және қоршаған ортаны қорғаудың кепілдігі үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.
1 тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң,
қауiпсiздігі саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының
Конституциясына
негiзделедi, осы Заңнан, тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерден және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнен турады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қауіп-қатерлерді талдау - өзара байланысқан үш компоненттерден: қауіп-қатерлерді бағалау (ғылыми пікір мен ақпаратты талдау), қауіп-қатерді басқару (заңдар мен бақылау) және қауіп-қатер туралы ақпараттан тұратын қауіпті факторлар мен қауіп-қатерді бағаларды айқындау үшін ақпаратқа қол жеткізуді пайдалану процедурасынан тұрады;
2) тамақ өнімінің қауіпсіздігі - оның салдарының қауіпті әсер мен ауыртпалық деңгейін іске асыру мүмкіншілігін байланыстыруын қоса есептегенде адам өміріне, денсаулығына зиян келтіруімен және тұтынушылардың мүдделерін бұзуымен байланысты тамақ өнімін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) жол берілмейтін қауіп-қатердің болмауы;
3) тамақ өнімінің биологиялық құндылығы - тамақ өнімінің қуаттылық, белоктар, майлар, көмірсутегілер, витаминдер, макро- және микроэлементтерді қамтыған сипаттамасы;
4) тағамға қосатын биологиялық белсендi қоспалар - жеке қолдану немесе тамақ өнiмiнiң құрамына енгiзуге арналған табиғи (табиғи заттармен бiрдей) биологиялық белсендi заттар;
5) биологиялық таза тамақ өнiмi - биологиялық таза тамақ өнiмiн өндiру стандарттарына сәйкес дайындалған тамақ өнiмi;
6) ветеринарлық сертификат - шекарада және көлiкте ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды тұлғаларының әрбiр өнiмнiң партиясына беретiн белгiленген нысандағы ветеринариялық құжат;
7) генетикалық түрлендiрiлген объектiлер - гендiк инженерия әдiстерiн қолдана отырып, өсiмдiктен және (немесе) малдан алынған шикiзат пен өнiм, оның iшiнде генетикалық түрлендiрiлген көздер мен организмдер;
8) дайындау күнi - тамақ өнiмiн өндiру (дайындау) процесiнiң (сатысының) аяқталған күнi;
9) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiн куәландыратын құжат - тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарымен тамақ өнiмiнiң әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестерiнде пайдаланатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен жабдықтардың сәйкестiгi, тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) сәйкестiгiн, тамақ өнiмiнiң сәйкестiгiн куәландыратын, ветеринариялық-санитарлық қорытынды немесе сәйкестiк сертификаты, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды немесе ветеринариялық куәлiк;
10) тамақ өнiмiн бiрдейлендiру - тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым және қайта кәдеге жаратудың барлық процестерiнде (сатыларында) ерекшелейтiн белгiлерi бойынша өнiмдi бiрмағыналы тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;
11) қауiп-қатер туралы хабар - тамақ өнiмi қауiпсiздiгiне жауапты адамдар, сондай-ақ барлық басқа да мүдделi тараптар арасында қауiп-қатер туралы мәлiметтермен өзара уақытылы алмасу;
12) мал азығы - адам үшiн тамақ көзi болып табылатын малға сiңiмдi түрдегi қоректiк заттары бар өсiмдiктен, малдан және микробиологиялық, минералдық жолдармен алынған өнiмдер;
13) мал азығына қоспалар - адам үшiн тамақ көзi болып табылатын мал рационында жетiспейтiн тағамдық, минералдық заттар және витаминдердiң көздерi ретiнде пайдаланылатын органикалық, минералдық және (немесе) синтетикалық жолдармен алынған заттар;
14) таңбалау - тамақ өнiмiн дайындаушы тұтыну ыдысына (орамаға), этикеткаға қосымша параққа, жапсырмаға (стикерге) түсiретiн ақпарат;
15) тамақ өнiмiмен байланыста болатын материалдар мен бұйымдар (бұдан әрi - материалдар мен бұйымдар) - тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестерiнде (сатыларында) пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар, оның iшiнде технологиялық жабдықтар, аспаптар мен қондырғылар, ыдыс, буып-түйетiн материалдар, ыдыс-аяқ, асханалық керек-жарақтар;
16) жол берiлмейтiн қауiп-қатер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленгенiндей тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi мүмкiн деңгейiнен артық қауiп-қатер;
17) нормативтiк-техникалық құжаттама - тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестерiн (сатыларын) реттеу үшiн қажеттi құжаттар;
18) байытылған (фортификацияланған) тамақ өнiмi - тамақтың құндылығын арттыру үшiн бiр немесе одан да көп қажеттi ингредиенттер және тамақ өнiмiнде бастапқыда болмаған немесе өндiру (дайындау) процесiнде (сатыларында) жоғалтылған басқа да заттар қосылған, ауруды болдырмау мақсатында енгiзiлген тамақ өнiмi;
19) тамақ өнiмiнiң айналымы - тамақ өнiмдерiн кiргiзудi және шығаруды қоса алғанда, тамақ өнiмiн сату (сату немесе жеткiзiп беру), сонымен қоса соған байланысты бөлшектеп өлшеп салу, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестерi (сатылары);
20) қауiптi тамақ өнiмi - пайдаланған кезде адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта үшiн жол берiлмейтiн қауiп-қатер тудыруы мүмкiн өнiм;
21) қауiп-қатердi бағалау - зиянкестердiң немесе аурулардың кiру, тамырлану немесе таралу ықтималдығын және осымен байланысты әлеуеттi биологиялық және экономикалық салдарын бағалау немесе тамақ өнiмдерiнде қоспалардың, ластанған заттардың, токсиндердiң немесе ауру тудыратын организмдердiң қосылуынан адам мен мал денсаулығына жағымсыз әсерлердiң мүмкiншiлiгiн бағалау;
22) тамақ өнiмiнiң партиясы - бiрыңғай өнiмдердiң оның қауiпсiздiгiн куәландыратын, бiр құжатпен сүйемелденетiн, бiрдей жағдайларда өндiрiлген (даярланған) және (немесе) буып-түйiлген кез-келген жиынтығы;
23) ауыз су - адамның тұтынуы үшiн немесе өнiмдердi өндiру үшiн арналған адам тұтынатын және қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн су;
24) азық-түлiк өнімі - шикізаттар, тамақ өнiмдерi, арнайы арналған тағамдар, ауыз су, адам тұтынатын тамаққа қосылатын тағамдық қоспалар және биологиялық белсенді қоспалар, адам үшін тамақ көзі болып табылатын малға берілетін азықтар және азық қосындылары;
25) ветеринарлық бақылауға жататын тамақ өнiмi - тамаққа тиісті өңдеусіз пайдаланылмайтын мал өнімдері мен шикізаттары, сонымен қоса азық және азық қоспалары;
26) санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тамақ өнiмi - ветеринарлық бақылауға жататын тамақ өнімінен басқа тамақ өнiмi;
27) өнiмнiң тағамдық құндылығы - қоректiк заттардағы энергетикалық құндылығымен, құрамы және дәмдiк қасиетiмен анықталынатын организмдi қанағаттандыру дәрежесi;
28) тамақ қоспалары - олардың биологиялық және энергиялық құндылықтарына әсерi тимейтiн, оларға берiлген құрамды сақтап қалу мақсатында өндiру (дайындау) процестерiнде (сатыларында) тамақ өнiмiне арнайы енгiзiлетiн табиғи және жасанды заттар мен олардың қоспалары;
29) тамақ өнiмi - адам тамақ ретiнде тұтыну үшiн арналған табиғи немесе қайта өңделген түрдегi өнiм;
30) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiк көрсеткiшi - адам мен мал денсаулығы үшiн қауiп төндiретiн химиялық, радиоактивтiк, токсиологиялық заттар және олардың қоспалары, микроорганизмдер және басқа да биологиялық организмдердiң рұқсат етiлген деңгейi;
31) балалар тағамы өнiмi - балалардың тамақтануына арналған және бала организмiнiң физиологиялық қажеттiлiктерiне сәйкес келетiн арнайы белгiленген тамақ өнiмi;
32) азық түлiк өнiмiн өндiру (дайындау) - тамақ өнiмiн бөлшектеп өлшеп салу, орау, таңбалау, сондай-ақ iшкi өндiрiстi сақтау және тасымалдаумен байланысты технологиялық кезеңдi қоса алғандағы тамақ өнiмiн әзiрлеу процестерi (сатылары);
33) тамақ өнiмiн бақылап отыру - бұл тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта жарату және жою кезiндегi барлық процестерiнде (сатыларында) оның шыққан жерiн, қозғалысын және тұрған жерiн бақылап отыру мүмкiншiлiгi;
34) әзiрлеу (жасау) - жаңа өндiрiстi және (немесе) жаңа тамақ өнiмдерiн ұйымдастыру үшiн қажеттi үлгiлер мен (немесе) техникалық құжатты жасау процесi;
35) жарамдылық мерзiмi - тамақ өнiмiнiң өндiру (дайындау), айналым кезеңдерi шарттарын ұстанған жағдайда мақсаты бойынша пайдалану үшiн тамақ өнiмiнiң қауiпсiз деп саналатын кезеңi;
36) субъект - тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою жөнiндегi жұмысты жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
37) шикiзат - тамақ өнiмiн өндiру (дайындау) үшiн пайдаланылатын өсiмдiктен, малдан, микробиологиялық, химиялық және минералдық жолдармен алынған объектiлер;
38) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламент - тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiне және (немесе) оларды әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестерiне (сатыларына) техникалық реттеу бойынша қойылатын қажеттi ең аз мiндеттi талаптарды белгiлейтiн және Үкiмет бекiтетін нормативтiк-құқықтық акт;
39) тамақ өнiмiн жою - тұтынуға және (немесе) ары қарай өңдеуге жарамайтын тамақ өнiмдерiне адам мен малдың тамақ мақсаты үшiн пайдалануына және қол жетуiне жол бермейтiн әсер ету;
40) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы заңдық актiлерiмен белгiленген, тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарымен тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, кәдеге жарату және жою процестерi (сатылары) кезiнде пайдаланатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестiгiн, тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) сәйкестiгiн, тамақ өнiмiнiң мемлекеттiк саясаты мен қауiпсiздiктi бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
41) қауiп-қатердi басқару - қауiп-қатердi төмендету үшiн қолданылатын шараларды анықтау, таңдау, сонымен қоса оларға мониторинг және тексеру жүргiзу;
42) тамақ өнiмiн қайта кәдеге жарату - мақсатты бағыты бойынша жарамсыз тамақ өнiмдерiн пайдалану үшiн басқа тамақ өнiмiне технологиялық қайта өңдеу;
43) экологиялық белгi - биологиялық таза тамақ өнiмiн таңбалау;
44) тамақ өнiмiнiң энергетикалық құндылығы - адам мен малдың тұтыну нәтижесiнде тамақ өнiмiнен бөлiнетiн және физиологиялық функцияларды қамтамасыз ететiн қуаттың мөлшерi.
3-бап. Осы заңның қолданылу саласы
1. Осы заң адам өмiрi мен денсаулығы, тұтынушылар мүдделерi мен қоршаған ортаны қорғау үшiн тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi анықтау, белгілеу, қолдану және ең аз қажеттi талаптарды орындау бойынша қатынастарды реттейдi.
2. Осы заңның реттеу объектiлерiне Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тамақ өнiмдерi, сонымен қоса тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау) өндiру (дайындау) айналым, қайта кәдеге жарату және оларды жою процестерi (сатылары) жатады.
2-тарау. Тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу
4-бап. Тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері
1. Тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары:
1) адам өмiрi мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау үшiн тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) тұтынушылар мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету;
3) кәсiпкерлiктiң дамуына көмектесу;
4) отандық өнiмдердiң бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн арттыру;
5) халықаралық сауданы дамыту үшiн жағдайлар жасау;
6) адам өмiрiн, денсаулығын және тұтынушылардың мүдделерiн қорғау кепiлдiгiнiң қажеттiлiгiн есепке ала отырып Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық нормалармен және ережелермен үйлесiмдiлiгiне көмектесу;
7) қоршаған ортаның экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
8) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету болып табылады.
2. Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк реттеулер мынадай принциптер негiзiнде:
1) адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшiн тамақ өнiмi қауiпсiздiгiнiң басымдылығы;
2) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян әсер ету мүмкiншiлiгiн ескерту;
3) мемлекет жүзеге асыратын шаралардың ашықтығы;
4) ақпараттың жариялығы, қол жеткiзiмдiлiгi, шынайылығы;
5) қауiп-қатерлердi бағалаудың ғылыми негiздiлiгi;
6) тамақ өнiмiн әзiрлеудiң (жасаудың), өндiрудiң (дайындаудың), айналымның, қайта кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерiнде (сатыларында) тамақ өнiмiн бақылап отыру;
7) тамақ өнiмiнiң барлық процестерiнде (сатыларында) оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге субъектiлердiң жауаптылығы жүзеге асырылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы құзыретiне:
1) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк-құқықтық актiлердi, сонымен қоса тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық регламенттердi бекiту;
3) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш өндiрiлетiн және алғаш енгiзiлетiн мал азығы қоспаларын, тағамдық биологиялық белсендi қоспаларын, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi тiркеу тәртiбiн бекiту;
4) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы салалық (секторлық) бағдарламаларды бекiту;
5) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк органдардың салааралық қызметтерiн үйлестiру;
6) адам өмiрi мен денсаулығына және малға қауiп төндiретiн тамақ өнiмiн алдырып тастау, қайта кәдеге жарату және жою тәртiбiн бекiту;
7) мемлекеттiк тiркеуге жататын тамақ өнiмiнiң әкелу (импорттан) тәртiбiн бекiту;
8) Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасы талаптарымен әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, кәдеге жарату және жою процестерi (сатылары) кезiнде пайдаланатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестiгi тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) сәйкестiгiн, тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсу тәртiбiн бекiту;
9) санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын байытылған (фортификациялауға) тамақ өнiмдерiнiң тәртiбiн бекiту;
10) тамақ өнiмiн өндiретiн объектiлердi тiркеу тәртiбiн бекiту;
11) ветеринариялық бақылауға жататын экспортқа шығаратын тамақ өнiмiнiң объектiлерiн тiркеу тәртiбiн бекiту және осы өнiмге ветеринариялық сертификат беру;
12) Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарымен тамақ өнiмiнiң сәйкестiгiн растау тәртiбiн бекiту;
13) Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарымен тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, кәдеге жарату және жою процестерi (сатылары) сәйкестiгiмен оны әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, кәдеге жарату және жою процестерiнде (сатыларында) тамақ өнiмiнiң сәйкестiгiне бақылауды жүзеге асыратын тәртiптi бекiту;
14) генетикалық түрлендiрiлген объектiлердiң айналым тәртiбiн бекiту;
15) генетикалық түрлендiрiлген объектiлердiң қауiпсiздiгiн ғылыми негiздеуi бойынша растайтын жұмыстарды жүргiзу тәртiбiн бекiту;
16) консервiленген тамақ өнiмiнiң тiркеу тәртiбiн бекiту;
6-бап. Уәкiлетті органдардың тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы құзыретi
1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкiлеттi органдардың құзыретiне:
1) санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiң саясатын iске асыру;
2) санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасын ұсыну;
3) санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүргiзу бойынша ұйымдастыру, үйлестiру;
4) санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi, нормативтiк құжаттарды әзiрлеу;
5) санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тамақ өнiмi қауiпсiздiгiнiң мәселелерi бойынша консультативтiк-кеңес органдарын құру;
6) тамақ өнiмiнiң жарамдылық мерзiмi мен сақтау жағдайларын анықтайтын нормативтердi бекiту;
7) адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi, санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тамақ өнiмнiң сатылуына жол бермеу жөнiндегi шараны айқындау және жасау мақсатында тұтыну нарықтарына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және мониторинг жүргiзу;
8) санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласында нормативтi-техникалық құжаттарды келiсу;
9) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш өндiрiлетiн және алғаш әкелiнетiн тағамға қосылатын биологиялық белсендi қоспаларды, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi мемлекеттiк тiркеу және олардың тiзiлiмiн жүргiзу;
10) тамақ өнiмiн өндiретiн, сақтайтын, тасымалдайтын және сататын объектiлерге санитарлық құжаттар беру нысаны мен тәртiбiн бекiту;
11) Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарымен әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою кездерiнде пайдаланатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестiгi тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау) өндiру (дайындау), айналым, кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) сәйкестiгiн келiсу;
12) Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасының талаптарымен тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою кездерiнде пайдаланатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестiгiне тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою сатыларының сәйкестiгiне әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату процестерiндегi (сатыларындағы) тамақ өнiмiнiң сәйкестiгiне санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргiзу;
13) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiн анықтау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргiзу тәртiбiн бекiту;
14) тамақ өнiмiн әзiрлеумен (жасаумен), өндiрумен (дайындаумен), айналыммен, қайта кәдеге жаратумен және жоюмен байланысты қызметшiлердi медициналық қараулар және гигиеналық оқу тәртiбiн бекiту;
15) табиғи минералды суларды пайдалануға ғылыми орталықтардың курортологиялық бальнеологиялық қорытынды беру тәртiбiн бекiту жатады.
2. Ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
2) ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасын ұсыну;
3) ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүргiзу бойынша ұйымдастыру және үйлестiру жұмыстары;
4) ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы нормативтi құжаттарды әзiрлеу;
5) ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнiмi қауiпсiздiгiнiң мәселелерi бойынша консультативтiк-кеңес органдарын белгiлеу;
6) Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы өндiрiлетiн және алғашқы әкелiнетiн мал азығы қоспаларын мемлекеттiк тiркеу;
7) Қазақстан Республикасының аумағында өндiруге, әкелуге, қолдануға және сатуға рұқсат берiлген мал азығы қоспаларының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
8) ветеринариялық бақылауға жататын экспортқа шығаратын тамақ өнiмiнiң объектiлерiн тiркеу тәртiбiн бекiту және осы өнiмге ветеринариялық сертификат беру;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарымен ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң сәйкестiгi туралы қорытынды беру;
10) ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы нормативтi-техникалық құжаттарды келiсу;
11) Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарымен ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) шарттарын бұзбауын бақылауды жүзеге асыру;
12) адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнiмiн сатуға жол бермеу жөнiндегi шараларды айқындау және жасау мақсатында тұтыну рыноктарына бақылауды және мониторингтi жүзеге асыру;
13) тамақ өнiмiн өндiру (дайындау) және айналым процестерiнде (сатыларында) ветеринариялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiне ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру жатады.
3. Тамақ өнiмi өндiрiсiн мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi органдардың құзыретiне:
1) тамақ өнiмiн өндiрудегi объектiлердi тiркеу және олардың тiзiлiмiн жүргiзу;
2) консервiленген тамақ өнiмдерiн тiркеу;
3) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу жатады.
4. Техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық реттеу туралы мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалардың салааралық жұмыстарын үйлестiру;
2) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық бақылауға жататын процедурадан басқа оны сату кезеңдерiне тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттер талаптарына тамақ өнiмiнiң сәйкестiгiне бақылау.
5. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқару органдарының құзiретiне:
1) санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
2) тамақ өнiмiн өндiру, сақтау, тасымалдау және сату объектiлерiне санитарлық құжаттар беру есебiн жүргiзу және орнату;
3) тамақ өнiмiн әзiрлеумен (жасаумен), өндiрумен (дайындаумен), айналыммен, қайта кәдеге жаратумен және жоюмен байланысты қызметкерлердi медициналық қарауды және гигиеналық оқытуды жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
4) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiн анықтау бойынша сараптама жүргiзу;
5) Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасы талаптарымен тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым және қайта кәдеге жарату кезiнде пайдаланатын машиналар мен жабдықтар, материалдар мен бұйымдардың сәйкестiгiне тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым және қайта кәдеге жарату процестерiнiң (сатыларының) сәйкестiгiне оны әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым және қайта кәдеге жарату процестерiнде (сатыларында) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiне санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жатады.
7-бап. Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiне мемлекеттiк бақылау
1. Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылауды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiлеген өз құзыретi шеңберiнде тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Тамақ өнiмi қауiпсiздiгiне мемлекеттiк бақылауды жүргiзу мақсатында, мемлекет - олардың материалдық-техникалық базасы мен қызметкерiне қойылатын талаптары халықаралық талаптарға сәйкес генетикалық түрлендiрiлген объектiлердiң сандық және сапалық құрамдарының мөлшерiн анықтау үшiн зертханаларды қосқандағы ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудың мемлекеттік зертханалар жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.
3. Жеке кәсiпкерлер субъектiлерi тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау, тексерудi тағайындау туралы акт шығарусыз жүзеге асырылады.
8-бап. Тамақ өнiмiн мемлекеттiк тiркеу
1. Қазақстан Республикасында мал азығы қоспаларын, тағамдық биологиялық белсендi қоспаларын, генетикалық түрлендiрiлген объектiлерiн өндiру (дайындау), әкелу (импорт) және сату тек қана мемлекеттiк тiркеудi өткiзгеннен кейiн, ерекше жағдайларда тiркеу сынақтарын өткiзу қажеттiлiгi үшiн өндiруге, әкелуге (импорт) рұқсат берiледi.
Қазақстан Республикасы аумағында алғаш өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш әкелiнетiн (импорттан) әкелiнетiн мал азығы қоспалары, тағамдық биологиялық белсендi қосымшалары, генетикалық түрлендiрiлген объектiлерi мемлекеттiк тiркеуге жатады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш әкелiнетiн (импорттан) мал азығы қоспалары, тағамдық биологиялық белсендi қоспалары, генетикалық түрлендiрiлген объектiлердi мемлекеттiк тiркеудi:
1) жеткiзiп беру шарттарымен, Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасы талаптарымен субъектiлер ұсынатын және тамақ өнiмiнiң сәйкестiгiн растайтын құжаттарын сараптауды;
2) ғылыми және зертхана зерттеулерiнiң жүргiзген қорытындыларының сараптамасын;
3) Қазақстан Республикасы аумағында өндiруге (дайындауға), әкелуге (импорттан) рұқсат берiлген мал азығы қоспаларының, тағамдық биологиялық белсендi қоспаларының, генетикалық түрлендiрiлген объектiлерiнiң Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзудi өзiне қамтиды.
3. Бiр өндiрушiмен дайындалған, бiр атаумен тамақ өнiмiнiң бiр түрiн (әртүрлі жабдықтаушы-делдалдардан) бірнеше рет мемлекеттік тіркеуге жол берiлмейдi.
4. Тiркелуге жататын тамақ өнiмi, мал азығы қоспалары, тағамдық биологиялық белсендi қоспаларына және генетикалық түрлендiрiлген объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген тамақ өнiмiн тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдар белгiлеген мерзiмде қолдануға рұқсат етiледi.
5. Қазақстан Республикасында консервiленген тамақ өнiмiн тiркеу Қазақстан Республикасының үкiметiмен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
3 тарау. Тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою бойынша субъектiлердiң құқықтары мен мiндеттерi
9-бап. Тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою бойынша субъектiлердiң құқықтары
Субъектiлердің:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аумақтың және (немесе) объектiнiң санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитарлық туралы дұрыс ақпараттарды уақытылы алуға;
2) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын, гигиеналық нормативтерiн, ветеринариялық-санитарлық ережелер мен нормативтерiн орындау мақсатында зерттеулер жүргiзу бойынша мемлекеттiк органдарға жүгiнуге;
3) санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) және ветеринариялық-санитарлық iс-шараларды өткiзуге қатысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тамақ өнiмiнiң қауiпсіздiгі саласындағы нормативтi-құқықтық актiлердi, техникалық регламенттердi әзiрлеуге қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы заңнамаларының тиiстi мiндеттi талаптарымен ұйымның стандарттарын әзiрлеуге және бекiтуге;
6) тамақ өнiмiнiң қауiпсіздігіне өндiрiстiк бақылаудың бағдарламасын әзiрлеуге;
7) тамақ өнiмiнiң қауіпсiздiгiн және менеджмент сапа жүйесiн ендiруге;
8) оны өндiруде стандарттар талаптарына сәйкес келген кезде, биологиялық таза тамақ өнімдерiн экологиялық белгiмен таңбалауға құқығы бар.
10-бап. Тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою бойынша субъектiлердiң мiндеттерi
1. Субъектiлер:
1) Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамаларының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге;
2) тамақ өнiмiнiң қауіпсiздiгі саласындағы уәкілетті органдардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының тамақ өнімiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамаларына сәйкес ол үшін міндетті жарамдылық мерзiмiн белгілеуге;
3) оны өндiру (дайындау), айналым және қайта кәдеге жарату процестерiнде (сатыларында) тамақ өнімiнiң әрбiр партиясының қауiпсiздiгiне өндiрiстiк бақылауды қамтамасыз етуге;
4) тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестерiндегi (сатыларындағы) қауiптi қасиеттердi сiңiруiне әкеп соқтырған бұзушылықтар туралы тиiстi хабарды тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдарға хабарлауға және осы өнiмдi сараптамаға жолдауға;
5) егер тамақ өнiмi қауiптi қасиеттердi сiңiруiне әкеп соқтырған болса, онда тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), айналым және қайта кәдеге жарату процестерiн (сатыларын) тез арада тоқтатып, оларды сатып алушылардан (тұтынушылардан) қайтарып алуды қамтамасыз етуге, сараптама жүргiзудi қамтамасыз етуге, содан соң оны Қазақстан Республикасының Үкiметiмен анықталған тәртiппен қайта кәдеге жаратуды және (немесе) жоюды ұйымдастыруға;
6) тамақ өнiмiн сатып алушыларға (тұтынушыларға), сонымен қатар тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдардың талаптары бойынша оларға тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiн куәландыратын құжаттарды ұсынуға;
7) олар өндiрген немесе сатқан тамақ өнiмiмен байланысты қауiп-қатердi болдырмау немесе азайту жөнiндегi iс-қимылдары бойынша уәкiлеттi органдармен бiрлесiп iстеуге;
8) тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою бойынша оның барлық процестерiнде (сатыларында) тамақ өнiмiнiң бiрдейлендiруi мен бақылап отыру мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ету;
9) тамақ өнiмiн өндiру және сату объектiлерiн, сонымен қоса консервiленген тамақ өнiмiн тiркеудi жүзеге асыруға мiндеттi.
2. Егер субъектiлер әкелетiн (импорттан), өндiретiн (дайындайтын), қайта өңдейтiн немесе сататын тамақ өнiмi қауiпсiздiк талаптарымен сәйкес келмейдi деп санаса немесе күдiктенген жағдайда, олар дереу:
1) тамақ өнiмiн алып тастау рәсiмiн бастауға;
2) тұтынушылар үшiн қауiп-қатердi болдырмау мақсатында қабылданған әрекетi туралы тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдарға хабар етуге мiндеттi.
4 тарау. Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
11-бап. Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша ең аз қажеттi жалпы талаптар мен шаралар
1. Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында белгiленгендей тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгі мен оны әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестерiне (сатыларына) қойылатын талаптар субъектiлермен орындау үшiн мiндеттi болып табылады.
2. Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi:
1) субъектiлердiң Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамаларының талаптарын сақтауы;
2) Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарына тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) сәйкестiгiне өндiрiстiк бақылау жүргiзу;
3) тамақ өнiмiнiң Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарымен сәйкестiгiн растауы;
4) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргiзу;
5) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етiледi.
3. Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасымен белгiленген тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiне және тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою бойынша оның процестерiне (сатыларына) қауiпсiздiк талаптарын субъектiлер орындау үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдардың келiсiмi бойынша тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестерi (сатылары) жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасының талаптарына тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым және қайта кәдеге жарату процестерiнiң (сатыларының) мынадай көрсеткiштер бойынша сай келмейтiн:
1) сапасыздығының айқын белгiлерi бар (бүлiнген, бұзылған, ластанған);
2) радиологиялық, токсиологиялық, химиялық және микробиологиялық көрсеткiштерiнiң бөлiгi бойынша қойылатын талаптарға жауап бермейтiн;
3) олардың қауiпсiздiгiн куәландыратын және олардың шыққан жерiн растайтын құжаттардың болмауы;
4) белгiленген жарамдылық мерзiмiнiң болмауы немесе жарамдылық мерзiмiнiң өтiп кетуi;
5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасымен қарастырылғандай мәліметтер бар таңбалаудың жоқ болуы;
6) ұсынылған ақпаратқа сай келмейтіндер жіберілмейді.
5. Генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымы, тек қана олардың қауiпсiздiгiн ғылыми-негіздегi растаудан кейін және мемлекеттiк тiркеу өткiзгеннен кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiппен рұқсат берiледi.
12-бап. Арнайы мақсаттағы тамақ өнiмiнiң қауiпсiздігiне қойылатын талаптар
1. Арнайы мақсаттағы тамақ өнiмiне:
1) балалар тағамы өнiмi;
2) мал азығы қоспалары, тағамдық биологиялық белсендi қоспалар;
3) диетикалық өнiмдер және емдеу-профилактикалық тағамдары жатады.
2. Арнайы мақсаттағы тамақ өнiмi:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасымен арнайы мақсаттағы тамақ өнiмiнiң алдына қойылған талаптарға сәйкес;
2) сатып алушылардың (тұтынушылардың) тиiстi тобының физиологиялық тұтынуын қанағаттандыру;
3) бумада (ыдыста) көрсетiлген тағамдық, биологиялық және энергетикалық ақпараттары сай болуы керек.
3. Балалар тағамы өнiмiн, диеталық және емдеу-профилактикалық тағамдардың өндiру (дайындау) кезiнде өсiмiн жеделдеткiштер (соның iшiнде гормонды препараттар), дәрiлiк заттардың жекелеген түрлерi, пестицидтер, агрохимикаттар, генетикалық түрлендiрiлген объектiлер, бiрдейлендiрiлмеген заттар мен құрамалар және жасанды тағам қоспалары пайдаланылған азық-түлiк шикiзатын қолдануға тыйым салынады.
13-бап. Байытуға (фортификациялауға) жататын тамақ өнiмiне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнiмi байытылуы (фортификациялануы) мүмкiн.
2. Тамақ өнімін байыту (фортификациялану) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Байыту (фортификациялау) әдiстерi нормативтiк-техникалық құжаттарға, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және басқа да нормативтi құжаттарға сәйкес келуi керек.
14-бап. Тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау) кезiнде олардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
1. Субъектiлер әзiрлейтiн нормативтiк-техникалық құжатқа, тамақ өнiмi қауiпсiздiгiнiң көрсеткiштерi, оның жарамдылық мерзiмi, буып-түюге, таңбалауға, әзiрлеуге (жасау), өндiруге (дайындау), айналым процестерiне (сатыларына) қойылатын талаптары, оның қауiпсiздiгiне өндiрiстiк бақылау бағдарламасы, зерттеу әдiстерi, қауiп-қатердi бағалау, оны барынша азайту тәсiлi, қайта кәдеге жарату тәсiлi және қауiптi тамақ өнiмiн жоюы енгiзiледi.
2. Тамақ өнiмiнiң нормативтiк-техникалық құжаты мен тәжiрибе үлгiлерiнiң жобалары Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтайтын санитарлық-эпидемиологиялық, ветеринариялық-санитарлық сараптауға жатады.
Көрсетiлген жобалар тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдармен өз құзыретi шеңберiнде келiсiлiп, тамақ өнiмi қауiпсiздiгiнiң субъектiлерiмен бекiтiледi және олар үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Әзiрлеу (жасау) кезiнде тамақ өнiмiнiң барлық әзiрлеу (жасау), айналым және қайта кәдеге жарату процестерiнде (сатыларында) мүмкiн болатын барлық қауiп бiрдейлендiрiлуi керек, оның iшiнде әдеттегi немесе төтенше жағдайлар кезiнде (сыртқы әсерлерде), субъектiлер қызметкерлерiнiң болжалды қателiктерi және жол берiлмейтiн пайдалану.
4. Барлық бiрдейлендiрiлген қауiптер үшiн қауiп-қатерлер есептеумен, сынақпен, сараптама жолымен бағалануы керек.
5. Тамақ өнiмiнiң әрбiр түрлерi үшiн қауiп-қатердi бағалауын өткiзгенiн есепке ала отырып, әзiрлеу және құру кезiнде тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), айналым және қайта кәдеге жарату айналымының барлық процестерiнде (сатыларында) қауiп-қатердi мүмкiн (қолайлы) деңгейге дейiн жою немесе азайту (төмендету) үшiн барлық шаралар жиынтығы анықталу керек.
15-бап. Тамақ өнiмiн өндiру (дайындау) кезiнде оның қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
1. Өндiру үшiн, Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн шикiзат пен тағам қоспалары қолданылуы керек.
2. Тағам мақсаттары үшiн қолданылатын өсiмдiк пен мал шикiзаттарын өндiру кезiнде, осы Заңның 12 б. 3 т. айтылған жағдайлардан басқа мемлекеттiк тiркеуден өткен мал азығы қоспаларын, мал өсiмiн жеделдеткiштерiн, пестицидтердi, агрохимикаттарды пайдалануға жол берiледi.
3. Шығарылатын (дайындайтын) тамақ өнiмiнiң жекелеген ингредиенттерiн алмастыру халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiмен жүргiзiледi.
4. Жабдықтар, аумақ, сумен жабдықтау, канализация, жылыту жүйесi, ауаны алмастыра және өндiрiстiк, қосымша, санитарлық-қызмет көрсету бөлмелерге жарық түсiру және қызметкерлердің жұмыс жағдайлары Қазақстан Республикасының тамақ өнімi қауіпсіздiгі саласындағы заңнамасымен белгiленген талаптарға сәйкес болуы керек.
Тамақ өнiмiн өндiрумен (дайындаумен) байланысты экологиялық жайларды бағалау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңдармен сәйкес жүргiзiледi.
5. Объектiнi мемлекеттiк тiркеу, тек қана тиiсті уәкілетті органдардың қорытындысы мен объектiнi мемлекеттiк тiркеуi бар болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметiмен анықталатын тәртiппен жүргiзiледi.
16-бап. Тамақ өнiмiн бөлшектеп өлшеп салу, орау және таңбалау кезiнде олардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес тамақ өнiмдерiнiң айналымы кезiнде оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн тәсiлдермен бөлшектенiп өлшеп салынуға және орауға тиiс.
2. Буып-түю материалдардың және бұйымдардың этикеткаларында, жапсырмаларында, қосымша парақтарында және желiмдеулерiнде (стикерлерде), Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған ақпараттан басқа тамақ өнiмдерiнiң түрлерi есепке алына отырып, ақпараттардан басқа, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде:
1) өнiмнiң тағамдық және биологиялық құндылықтары;
2) тағайындаулар мен қолдану шарттары (арнайы тағайындалған тағамдар үшiн);
3) тамақ өнімiн дайындау тәсiлдерi мен шарттары (тамақ өнiмiнiң концентраттары мен жартылай фабрикаттары үшін);
4) сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімдері;
5) тамақ өнімі дайындалған күні;
6) құрамы, сонымен қоса тағамдық және азық қоспалардың, тағамдық биологиялық белсенді қоспалардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің бар болуы мен саны туралы мәліметтер болуы керек.
17-бап. Тамақ өнімін сақтау және тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімін сақтау және тасымалдау Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2. Тамақ өнімін сақтау Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиісті арнайы жабдықталған үй-жайларда, сақтауға рұқсат беріледі.
3. Тамақ өнiмiн тасымалдау үшiн арнайы осы мақсаттарға арналған және (немесе) жабдықталған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ресiмделген санитарлық құжаты бар көлiк құралдары пайдаланылады.
4. Егер тамақ өнiмiн сақтау және (немесе) тасымалдау кезiнде олардың қауiптi қасиеттерiн тудыруға әкеп соқтырған бұзушылыққа жол берiлсе, онда ол айналымнан алынып және тиiстi сараптамаға жiберiлiп, соның нәтижелерiне сәйкес қайта кәдеге жаратылады немесе жойылады.
18-бап. Тамақ өнiмiн сату кезiнде олардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнiмiн сату, Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн тек қана арнайы жабдықталған үй-жайларда, ғимараттарда рұқсат берiледi.
2. Егер тамақ өнiмiн сату кезiнде олардың қауiптi қасиеттерiн тудыруға әкеп соқтыратын бұзушылыққа жол берiлсе, онда ол айналымнан алынып және тиiстi сараптамаға жiберiлiп, соның нәтижелерiне сәйкес қайта кәдеге жаратылады немесе жойылады.
3. Қазақстан Республикасынан экспортқа шығатын тамақ өнiмi, Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын қанағаттандыру керек, импорттаушы елдердiң қолданыстағы заңдарымен, регламенттерiмен, стандарттарымен және басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерiмен басқа талап етiлмеген жағдайлардан басқа.
4. Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасының талаптарына оның сәйкестiгiн растайтын құжаттары жоқ тамақ өнiмдерiн сатуға тыйым салынады.
19-бап. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн (импорттан) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн (импорттан) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиiс.
2. Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге:
1) Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасының талаптарына оның сәйкес келетiнiн куәландыратын құжаттары жоқ;
2) осы Заңның 8 бабының талаптарына сәйкес тiркеу жүргiзу үшiн қажеттi үлгiлерден басқа, мемлекеттiк тiркеуден өтпеген тамақ өнiмiне тыйым салынады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар өз құзыреттерi шегiнде тамақ өнiмiн, олардың тауарлық iлеспе құжаттарын тексеруден өткiзедi және мұндай тамақ өнiмiнiң Қазақстан Республикасы аумағында әкелiну (импорт) мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдайды.
Егер Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тамақ өнiмi, осы Заңның 11 б. 5 т. талаптарына сәйкес келмесе, осы тармақта аталған лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген тәртiппен оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi уақытша тоқтата тұру, оларды сараптауға жалдау жөнiнде шешiм қабылдайды немесе оларды әкелуге тыйым салуды белгiлейдi.
4. Сараптама нәтижелерi бойынша қауiптi деп танылған тамақ өнiмiн алып кетуге мiндеттi.
Егер қауiптi тамақ өнiмi осы тармақта белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлмеген болса, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алып қойылады, қайта кәдеге жаратылады немесе жойылады.
20-бап. Қауiптi тамақ өнiмiн өндiру (дайындау), айналым процестерiнен (сатыларынан) алып тастауға, оларды қайта кәдеге жаратуға немесе жоюға қойылатын талаптар
1. Қауiптi тамақ өнiмiн өндiру (дайындау), айналым процестерiнен (сатыларынан) алынып тастауға жатады.
Қауiптi деп танылған тамақ өнiмiн иеленушi оларды өндiру (дайындау) айналым процестерiнен (сатыларынан) өзi алып тастауға немесе тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдардың ұйғарымдары негiзiнде анықталған кезден бастап дереу алып тастауға мiндеттi.
Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдардың ұйғарымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн.
2. Егер қауiптi тамақ өнiмiн иеленушi оларды өндiру (дайындау), айналым процестерiнен (сатыларынан) алып тастау жөнiнде шаралар қолданбаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алып қоюға жатады.
3. Өндiру (дайындау), айналым процестерiнен (сатыларынан) алып тасталған қауiптi тамақ өнiмi олардың қайта кәдеге жаратылу немесе жою мүмкiндiктерiн анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткiзiлетiн тиiстi сараптама жасауға жатады. Қауiптi тамақ өнiмiн қайта кәдеге жарату немесе жою туралы шешiм сараптаманың нәтижелерi бойынша қабылданады.
4. Шыққан жерi белгiсiз, сондай-ақ сапасыздықтың белгiлерi бар және осыған байланысты адам мен мал өмiрi және денсаулығына тiкелей қатер төндiретiн тамақ өнiмi сараптамадан өткiзiлмей-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен алып қоюға және жойылуға жатады.
5. Өңделген өнiмдi мақсаты бойынша немесе оның жаңа атауымен одан әрi пайдалану тиiстi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы қорытындыларды ала отырып, сараптаманың оң нәтижелерi болған кезде ғана мүмкiн болады.
6. Адам мен мал үшiн қауiп төндiретiн залалды тамақ өнiмдерiн жою алдында олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зарарсыздандырылады.
7. Қауiптi тамақ өнiмiнiң сараптамасына, тасымалдануына, қайта кәдеге жаратылуына немесе жойылуына қатысты шығындарды оларды иеленушiлер төлейдi.
8. Аурулардың пайда болуы мен таралуын, адам мен жануарлардың улануын болғызбау мақсатында тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлетті органдар қауiптi тамақ өнiмiнiң қайта кәдеге жаратылуын немесе жойылуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
21-бап. Тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым және қайта кәдеге жарату бойынша субъектiлердiң қызметшiлерiне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнiмiн әзiрлеуге (жасауға), өндiруге (дайындауға), айналымы мен қайта кәдеге жаратуға қатысатын қызметшi, алдын ала және мерзiмдi медициналық тексеруден, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен гигиеналық оқытудан өтедi.
2. Субъектiлер қызметшiлердiң алдын ала және мерзiмдi медициналық тексеруден өтуiн және гигиеналық оқуын қамтамасыз етулерi тиiс.
Алдын ала және мерзiмдi медициналық тексеруден өтпеген қызметшiлер тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым процестерiне (сатыларына) жiберiлуге рұқсат берiлмейдi.
Жұқпалы, паразиттiк аурулармен ауырады деп күдiк келтiрiлген, алдын ала және мерзiмдi медициналық тексеруден өтпеген қызметшiлер осы бапта аталған тамақ өнiмiнiң әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым процестерiне (сатыларына) жiберiлмейдi.
22-бап. Тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым процестерiнде (сатыларында) пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарға, материалдар мен бұйымдарға қойылатын талаптар
1. Тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым процестерiнде (сатыларында) пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар, материалдар мен бұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауіпсiздiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы;
2) тек қана мақсаты бойынша пайдалану;
3) тамақ өнiмiмен байланыста болатын материалдар мен бұйымдарда пайдаланылатын материалдар мен олардың композицияларында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi органдар берген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар болуы керек.
2. Тамақ өнiмiмен байланысатын тасымалдау ыдыстарының барлық бөлiктерi (цистерналар, танкерлер және басқа да) құбырлар, сорғылар, шлангiлер, машиналар, көлiк құралдары, жабдықтар және аппараттар Қазақстан Республикасының азық-түлiк саласындағы машина жасау және тамақ өнеркәсiбi үшiн қолдануға рұқсат берген материалдардан дайындалуы керек.
3. Тамақ өнiмiмен түйiсетiн материалдар мен бұйымдарды бiрдейлендiру және қауiп-қатердi бағалау үшiн қажеттi деңгейге дейiн төмендегiлердi қоса сипатталуы керек:
1) химиялық, биологиялық және физикалық сипаттамаларды;
2) тұтыну, оның iшiнде қосымша мен өңдеу мақсаты;
3) шыққан жерi және өндiру әдiсi;
4) жеткiзiп беру, буып-түю әдiстерi мен сақтау жағдайлары;
5) пайдалану алдындағы дайындық;
6) қабылдау белгiлерiн қосқанда.
23-бап. Тамақ өнiмiн бақылап отыруға қойылатын талаптар
1. Тамақ өнiмiн бақылап отыру тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою бойынша барлық процестерiнде (сатыларында) қамтамасыз етiлуi тиiс.
2. Тамақ өнiмiн бақылап отыру:
1) бiрдейлендiру;
2) мәлiметтi жинау және жазып алу;
3) байланысты басқару;
4) мәлiметпен алмасу жолдарымен қамтамасыз етiледi.
3. Технологиялық құжаттар және басқа да құжаттар дайындау арқылы тамақ өнiмiн әзiрлеудiң (жасаудың), өндiрудiң (дайындаудың), айналымның, қайта кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерiнде (сатыларында) өнiмi бақылап отыру қамтамасыз етiледi, оларда қажеттi технологиялық және бақылау операцияларын өткiзгенi туралы жазба жазылады және табылған ақаулар мен оларды жою жөнiндегi қабылданған шаралар көрсетiледi.
Осы құжаттарды рәсiмдеу субъектiлердiң тиiстi таңбасымен және қолы арқылы жүргізiледi.
Бақылап отыру жөнiндегi мәлiметтiң жазбасы тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес тамақ өнiмiн қайта шақырып алу үшiн белгiлi бiр кезеңде жүргізілуі тиіс.
4. Оған тамақ өнiмiн жеткiзiп беретiн кез келген тұлғаның әзiрлеуiн (жасау), өндiруiн (дайындау) және айналымын бiрдейлендiруге субъектiнiң қабiлетi болуы керек, сонымен қоса оның талабы бойынша уәкiлеттi органдарға ақпарат беруге мүмкiншiлiгi болуы керек.
5. Оның өнiмiн жеткiзiп берген басқа сауда кәсiпорындарын бiрдейлендiру үшiн, субъектiлердiң жүйесi мен процедурасы болуы керек. Осы ақпарат тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдарының талаптары бойынша ұсынылуы тиiс.
6. Сатуға жататын тамақ өнiмiн ары қарай бақылап отыру үшiн бiрдейлендiруi және таңбалау болу керек.
24-бап. Өндiрiстiк бақылауға қойылатын талаптар
1. Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiне өндiрiстiк бақылау тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптары негiзiнде субъектiлермен әзiрленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiне өндiрiстiк бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аттестацияланған және (немесе) аккредиттелген зертханаларда жүзеге асырады.
25-бап. Биологиялық таза тамақ өнiмдерiне қойылатын талаптар
1. Органикалық өндiрiлген тамақ өнiмдерi экологиялық стандарттар негiзiнде дайындалады.
2. Биологиялық таза тамақ өнiмдерiн өндiру (дайындау), таңбалау биологиялық таза тамақ өнiмдерiн өндiру (дайындау) стандарттауы бойынша нормативтi құжаттардың талаптарына сай жүзеге асырылады.
26-бап. Ауыз суы қауiпсiздiгiне қойылатын арнайы талаптар
1. Ауыз су Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс.
2. Су тоғандары ғимараттарының, су дайындау ғимараттарының, сорғы станцияларының, су құбырлар жүйесiнiң, су сақтайтын ыдыстардың, сумен қамтамасыз ету айналымы ғимараттардың техникалық құрылғыларына ауыз судың қауiпсiздiгi бөлiгi бойынша қойылатын талаптар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкiлеттi органдармен белгiленедi.
3. Жер бетiндегi және жерасты көздерiнен шаруашылық-ауыз су қажеттiлiгiне су беретiн, сумен қамтамасыз ететiн көздерде және су құбырлар ғимараттарына санитарлық қорғау аймағы Қазақстан Республикасының заңдары талаптарына сәйкес, санитарлық қорғау аймағы болуы керек.
4. Су дайындау, бірінші көтеру сорғылық станциясы мен өңделмеген суды айдау алаңдары, жер асты мен жер бетіндегі суды айдау ғимараттары, шаруашылық-ауыз су құбырлары ғимараттары, ұйымдардың аумағында орналасқан резервуарлар мен суды қысыммен айдағыш мұнаралары үшін алаңдар, құрылыс шарбақтарына жақындауы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы заңдармен белгілейді.
5. Минералды табиғи суды пайдалануға курортология ғылыми орталықтарынан оларға бальнеологиялық қорытынды алғаннан кейін, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті орган анықтайтын тәртіппен рұқсат етіледі.
27-бап. Мал азығы мен азық қоспалары қауіпсіздігіне қойылатын арнайы талаптар
1. Мал азығы және азық қоспалары Қазақстан Республикасының тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Мал азығы және азық қоспалары, ветеринарлық-санитарлық тұрғыдан қолайлы аумақтан шығуы керек.
3. Елімізге әкелінетін мал азығы мен азық қоспаларын тексеру және зертханалық сараптама аймақтың эпизоотикалық жағдайлары мен олардың шыққан жерлері есепке алына отырып жүргізілуі міндетті.
5 тарау. Тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі процедура
28-бап. Тамақ өнімінің қауіпсіздігі сәйкестігін растау
1. Тамақ өнімінің қауіпсіздігі сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекеттердің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі сәйкестігін растау саласындағы құжаттары халықаралық шарттарына сәйкес мойындалады.
29-бап. Тамақ өнімін бірдейлендіру
1. Тамақ өнімін бірдейлендіру мынадай шаралар арқылы қамтамасыз етіледі:
1) тамақ өнімі партиясының көлемін анықтау;
2) бiрдейлендiру әдiстерi (күнiн белгiлеу, тамақ өнiмi партиясының шартты белгiлерi);
3) қайтар жолын бақылап отыру мақсаты үшiн тиiстi жазба жүргiзу.
2. Барлық тамақ өнiмiнде мынадай мазмұндағы анық және өшпейтiн бiрдейлендiрiлген жазба мәлiметтерi болуы тиiс:
1) өнiмнiң атауы және (немесе) сериясын, түрiн немесе нөмiрiн белгiлеу;
2) әзiрлеушiнiң толық атауы және оның заңды мекен жайы;
3) өндiрiс объектiсiнiң тiркеу нөмiрi, сонымен қоса консервiленген тамақ өнiмдерi үшiн тамақ өнiмi түрлерiнiң реттiк нөмiрi;
4) тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде қарастырылғандай жағдайындағы сәйкестiк белгiсi;
5) дайындау күнi мен жарамдылық мерзiмi.
3. Барлық потенциалды қауiп-қатерлер бiрдейлендiрiлуi тиiс.
4. Егерде тамақ өнiмiн рынокқа субъектпен орналастырса, онда оның нормативтiк-техникалық құжаттары болуы керек.
30 бап. Қауiп-қатердi талдау, бағалау және басқару
1. Тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қолданылатын шаралар, қауiп-қатердi талдауға негiзделу керек.
2. Тамақ өнiмi қауiпсiздiгiнiң қауiп-қатерiн бағалау кезiнде тиiстi өндiрiс (дайындау) және өңдеу әдiстерiнiң, инспекциялық әдiстерi, iшiнара бақылау, зертхана зерттеулерi, белгiлi бiр аурудың таралу деңгейi, ауру жоқ жердiң бар болуының ғылыми мәлiметтерi пайдалану керек.
3. Тамақ өнiмi қауiпсiздiгiнiң қауiп-қатерiн бағалау:
1) тағам өндiру үшiн тағайындалған адам мен малдың организмiне жағымсыз әсер тигiзуi мүмкiн тамақ өнiмдерiнiң осындай сипатын табу;
2) адам организмiне әсерiн тигiзетiн потенциалды қауiптiң әр-бiрiне ықпал жасау;
3) табылған қауiп-қатердiң шектеу шараларын тең анықтаулар жолдарымен жүзеге асырылады.
4. Тамақ өнiмi қауiпсiздiгiнiң қауiп-қатерiн бағалау әрбiр нақты жағдайлардағы тамақ өнiмдерiнiң зертхана зерттеулерi кезiндегi қауiп-қатерiн бағалау жинағы ретiнде жүзеге асады.
5. Тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жоюдың барлық процестерiнде (сатыларында) қауiп-қатердi бағалау және оларды барынша азайту әдiстерi туралы мәлiметтер нормативтiк-техникалық құжаттарда жазылуы тиiс.
Тамақ өнiмiнiң жаңа түрлерiн әзiрлеу (жасау) кезiнде тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы талаптармен қарастырылғандай қауiп-қатерге талдау жасау мiндеттi.
6. Қауiп-қатердi басқару қауiп-қатердi бағалаудың қорытынды есебiне, сонымен қоса адам денсаулығы үшiн зиян әсерiн тигiзетiн мүмкiншiлiктi алдын алу принциптерiне негiзделуi тиiс.
31-бап. Адам өмiрi мен денсаулығы үшiн зиянды әсердiң мүмкiншiлiгiн ескерту
1. Ерекше жағдайларда, егер қауiп-қатердi талдау және бағалау кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына зиян әсерiнiң мүмкiншiлiгі бiрдейлендiрiлген, алайда уәкiлеттi органмен оның деңгейiн анықтау үшiн қолдағы ғылыми мәлiметтер жеткiлiксiз ерекше жағдайларда, қауiп-қатердi басқару бойынша қажеттi уақытша шаралар қолданылуы мүмкiн.
2. Осы баптың 1 тармағының негiзiнде қабылданған қауiп-қатердi басқару жөнiндегi шаралар адам өмiрi мен денсаулығын қорғауына қол жеткiзу үшiн талап етiлетiн керектi деңгейден аспайтын өзiне шектеу қоюы мүмкiн.
3. Қауiп-қатердi басқару жөнiндегi шаралар анықталынып жатқан қауiп-қатер деңгейiнiң ғылыми мәлiметiн алу үшiн талап етiлетiн ең аз қажеттi уақыт кезеңi аралығында қайта қаралуы мүмкiн.
6 тарау. Қорытынды ережелер
32-бап. Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
33-бап. Ауыспалы кезеңде генетикалық түрлендiрiлген объектiлерi бар тамақ өнiмiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналым, қайта кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) ерекшелiктерi
Тамақ өнiмiндегi генетикалық түрлендiрiлген объектiлердiң қауiпсiздiгiн ғылыми негiздегi растауын анықтағанға дейiн Еуроодақ мемлекеттерiнде белгiлеген тамақ өнiмiндегi олардың мөлшерiнiң деңгейiнен артық болмауы қолданылады.
34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 11 баптың 5 тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. "Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 сәуiрдегi N 543-II Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж. N 6, 43-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi