Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Электр энергетикасы қондырғылары объектiлерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 37, 495-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Электр энергетикасы қондырғылары объектiлерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесiнде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Меншiк нысанына қарамастан, тұрғын үй салушылардан қосымша қуаттарды қосқаны, сондай-ақ энергия берушi ұйымның энергия тасымалдау желiлерiн дамыту мен қайта жаңартуға байланысты шығындары үшiн төлем алынбайды және осы шығындар жергiлiктi атқарушы органдарға жүктеледi.".