Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Көне Отырарды қалпына келтiру" 2005 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 30 қыркүйектегi N 1009 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 36, 480-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
2, 3 және 4-тармақтардағы "Мәдениет" деген сөзден кейiн "және ақпарат" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Көне Отырарды қалпына келтiру" 2005-2009 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарламаның паспорты" деген бөлiмде:
"Негiзгi әзiрлеушiлер" деген тарауда "Мәдениет" деген сөзден кейiн "және ақпарат" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi" деген тарауда:
"373,124", "10,0" және "110,6" деген сандар тиiсiнше "293,8", "31,3" және "194,6" деген сандармен ауыстырылсын;
"2006 жылы - 184,6 млн. теңге" деген сөздер алынып тасталсын;
оныншы абзацтағы "2005 жылы объектiлердi" деген сөздер "2007 жылы объектiлердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
он бiрiншi абзацтағы "2006 жылы" деген сөздер "2008 жылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қажеттi ресурстар мен бағдарламаны қаржыландыру көздерi" деген 4-бөлiмде:
бiрiншi абзацтағы "373,124", "10,0" және "110,6" деген сандар тиiсiнше "293,8", "31,3" және "194,6" деген сандармен ауыстырылсын;
"2006 жылы - 184,6 млн. теңге" деген сөздер алынып тасталсын;
екiншi абзацтағы "2005 жылы объектiлердi" деген сөздер "2007 жылы объектiлердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацтағы "2006 жылы" деген сөздер "2008 жылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Көне Отырарды қалпына келтiру" 2005 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-бөлiмде:
мәтiндегi "Мәдениетминi" деген сөз "МАМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
"Археологиялық ескерткiштердi ғылыми зерттеу" деген І кiшi бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 4, 5, 8, 12, 13-жолдарда 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"МАМ, БҒМ";
реттiк нөмiрi 4-жолда:
5-баған "2006 жыл" деген сөздермен толықтырылсын;
6-баған "0,5" деген сандармен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 13-жолда 6-бағандағы "2,0" деген сандар "2,5" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жиыны" деген жолда:
3-бағандағы "35,0" деген сандар "36,0" деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағанның екiншi абзацындағы "9,0" деген сандар "10,0" деген сандармен ауыстырылсын;
"Көне Отырардың тарихи-мәдени, сәулет және археологиялық ескерткiштерiн қалпына келтiру" деген II кiшi бөлiмде:
реттiк нөмiрi 15-жолда:
5-баған "2006 жыл" деген сөздермен толықтырылсын;
6-баған "20,3" деген сандармен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 16-жолдың 5 және 6-бағандарындағы екiншi абзац алынып тасталсын;
реттiк нөмiрлерi 17, 18, 19, 20, 21, 24, 25, 26-жолдардың 5 және 6-бағандарында:
бiрiншi абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "2008 жыл", "*";
реттiк нөмiрлерi 22 және 23-жолдардың 5 және 6-бағандарындағы "2006 жыл - 30,0" және "2006 жыл - 54,0" деген сөздер тиiсiнше "2007 жыл - 30,0*" және "2007 жыл - 54,0*" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Жиыны" деген жолда:
2-бағанда:
бiрiншi абзацтағы "2006 жыл - *" деген сөздер "2006 жыл - 20,3" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацта:
"2006 жыл - 184,6" деген сөздер алынып тасталсын;
"2007 жыл - 110,6" деген сөздер "2007 жыл - 194,6" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 6-бағандардағы "325,724", "184,6" және "110,6" деген сандар тиiсiнше "245,4", "20,3" және "194,6" деген сандармен ауыстырылсын;
"Отырар қалашығы мен Отырар шұратының тарихи-мәдени ескерткiштерiн насихаттау жөнiндегi ғылыми және ғылыми-көпшiлiк әдебиеттi басып шығару" деген III кiшi бөлiмде:
реттiк нөмiрлерi 29 және 30-жолдардың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"МАМ, БҒМ";
"Жиыны" деген жолда:
6-бағандағы "1,0*" деген сандар "1,0" деген сандармен ауыстырылсын;
"Барлығы" деген жолда:
2-бағанда:
бiрiншi абзацтағы "2006 жыл - 10,0" деген сөздер тиiсiнше "2006 жыл - 31,3" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацта:
"2006 жыл - 184,6" деген сөздер алынып тасталсын;
"2007 жыл - 110,6" деген сөздер "2007 жыл - 194,6" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 6-бағандардағы "373,124", "194,6*" және "124,1*" деген сандар "293,8", "31,3" және "208,1" деген сандармен ауыстырылсын;
* ескертпеде "2007 жылы" деген сандардан кейiн "-2008 жылы" деген сандармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі