Ақтау халықаралық теңiз сауда портын солтүстiк бағытта кеңейтудiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 408 Қаулысы

Қолданыстағы

      Ақтау халықаралық теңiз сауда портын солтүстiк бағытта кеңейту жобасын тиiмдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Қазақтеңiзкөлiкфлоты" ұлттық теңiз кеме қатынасы компаниясы" акционерлiк қоғамында (бұдан әрi - "ҚТКФ" АҚ) мүлiктiк жалдаудағы N 4, 5 және 9 мұнай құю айлақтарын осы учаскеде орналасқан жабдықтармен, коммуникациялармен, құрылғылармен және инфрақұрылымның ажырамас объектiлерiмен бiрге "ҚТКФ" АҚ-ның N 4 және 5 айлақтарды қайта жаңарту жөнiндегi шығындарын өтеусiз "Ақтау халықаралық теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына қайтаруды қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. "Сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамытудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 қыркүйектегi N 1263  қаулысының  1-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi