"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 мамырдағы N 386 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы басқармасының құрамына:
      Қайрат Нематұлы Келімбетовті басқарма төрағасы;
      Прасад Бамрені басқарма төрағасының орынбасары;
      Әсет Өрентайұлы Исекешевті басқарма төрағасының орынбасары етіп сайлауды;
      2) Асқар Болатұлы Сембинді "Қазақстанның Даму Банкі" (бұдан әрі - Даму Банкі) акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі және президенті етіп сайлауды;
      3) Қамбар Басарғабызұлы Шалғымбаевты Даму Банкі президенті лауазымынан босатуды және оны Даму Банкі директорлар кеңесінің құрамынан шығаруды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі