Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1385 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 357 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1385  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 2.2.7-жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi