Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 3 мамырдағы
N 356 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы
Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттiк
басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған
кеңестiң құрамы
Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы Министрiнiң орынбасары - Қазақстан
Республикасының Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрi, төраға
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич және сауда министрi, төрағаның орынбасары
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi, хатшы
Келiмбетов - "Қазына" орнықты даму қоры"
Қайрат Нематұлы акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 3 мамырдағы
N 356 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы
Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттiк
басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес туралы
ереже
1. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ-ның (бұдан әрi - Қор) жарғылық капиталын төлеуге берiлетiн
акционерлiк қоғамдарды
(
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердi
) (бұдан әрi - компаниялар) басқару жөнiндегi негiз қалаушы мақсаттары мен мiндеттерi жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу үшiн құрылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.25. N
818
қаулысымен.
3. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
4. Кеңестiң мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған
стратегиясының
ережелерiн, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды ескере отырып, компанияларды дамыту жөнiнде негiз қалаушы мақсаттар мен мiндеттер жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу;
2) компаниялардың өз мақсаттары мен қаржылық нәтижелерiне қол жеткiзуi жөнiндегi Қордың қызметiн бағалау жүргiзу болып табылады.
5. Кеңес мiндеттердi шешу кезiнде:
1) коммерциялық және коммерциялық емеске бөлiп, басты стратегиялық мақсаттар, коммерциялық және коммерциялық емес мақсаттар арасындағы теңгерiм;
2) маңызды салалық бастамалар мен мiндеттер;
3) компаниялардың қорытылған тиiмдiлiк көрсеткiштерi мен рентабельдiлiк коэффициенттерi;
4) дивидендтер төлеу деңгейi, компаниялардың таза кiрiстерiн бөлу және қайта инвестициялау;
5) мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық бағдарламалар мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлейдi.
6. Әрбiр компания үшiн негiз қалаушы мақсаттар мен мiндеттер жөнiндегi ұсынымдар әзiрлеудi Кеңес екi жылда бiр рет жүзеге асырады.
7. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардан өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен ақпаратты сұратуға;
2) Кеңестiң отырысына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша оларды тыңдауға;
3) қажеттiлiгiне қарай компанияларды басқарудың проблемалық мәселелерiн талдау және зерделеу үшiн мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға құқылы.
4. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
8. Кеңестi төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары басқарады. Кеңестiң төрағасы Кеңестiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешiмдердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шараларды айқындайды, Кеңестiң қызметiне жауапты болады.
Төраға болмаған уақытта оның функциясын оның орынбасары орындайды.
9. Кеңестiң құрамына Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Қаржы министрлiктерiнiң бiрiншi басшылары, Қордың атқарушы органының басшысы (келiсiм бойынша) кiредi.
10. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Кеңестiң жұмысшы органы болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi басшысының орынбасары Кеңестiң хатшысы болып табылады. Кеңестiң хатшысы Кеңес отырысының күн тәртiбi бойынша қажеттi құжаттар мен материалдар дайындайды және отырыстың хаттамасын ресiмдейдi.
13. Кеңестiң отырысы қажеттiлiгiне қарай оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi болған кезде, бiрақ екi жылда бiр рет қана өткiзiледi.
14. Отырыстардың күн тәртiбiн Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерiнiң ұсыныстары негiзiнде қалыптастырады.
Кеңес отырыстарын өткiзу уақыты мен орнын Кеңес төрағасы белгiлейдi.
15. Отырыстың күн тәртiбiн Кеңестiң хатшысы Кеңестiң мүшелерiне, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғаларға жiбередi.
16. Отырыс күн тәртiбiнiң әрбiр мәселесi бойынша шешiм, қатысушы Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
17. Кеңестiң шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Отырыс хаттамасын хатшы дайындайды және оған отырысқа қатысушы Кеңестiң барлық мүшелерi қол қояды.
Кеңес мүшелерi ерекше пiкiр бiлдiруге құқылы, ол жазбаша түрде жазылады және хаттамаға қоса берiлуi тиiс.