Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Каменский" мемлекеттiк мал тұқымын асылдандыру зауыты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы N 352 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Каменский" мемлекеттiк мал тұқымын асылдандыру зауыты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Каменский" мемлекеттiк мал тұқымын асылдандыру зауыты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып анықталынсын.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) кәсiпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын;
      2) кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 44-49-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "44-49     Қазақстан Республикасы
                 Ауыл шаруашылығы
                 министрлiгiнiң "Каменский"
                 мемлекеттiк мал тұқымын
                 асылдандыру зауыты"
                 республикалық мемлекеттiк
                 кәсiпорны (шаруашылық           Алматы облысы
                 жүргiзу құқығында)              Қарасай ауданы";

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "26        "Каменский" мемлекеттiк мал тұқымын
                 асылдандыру зауыты" шаруашылық
                 жүргiзу құқығындағы республикалық
                 мемлекеттiк кәсiпорны                         ".

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі