Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiнде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 325 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 24  қаулысымен  бекiтiлген Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 3-бөлiмiнiң 3-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Комиссия туралы ереже;
      2) Комиссияның құрамы бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 25 сәуiрдегi
N 325 қаулысымен  
бекiтiлген    

  Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi
комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi комиссия Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Комиссияның мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) шетелде тұратын қазақ диаспорасының өмiрiне және қызметiне байланысты проблемаларды зерделеу;
      2) шетелде тұратын отандастармен жан-жақты байланысты дамыту және нығайту үшiн қажеттi жағдай жасауға жәрдем көрсету;
      3) шетелде тұратын отандастарды қолдау процесiнде туындайтын мәселелердi шешуде мемлекеттiк органдарға консультативтiк көмек көрсету;
      4) қазақ диаспорасының ұлттық-мәдени қажеттiлiктi қанағаттандыру саласындағы құқықтарын бұзу фактiлерiне мониторинг жүргiзу.

      4. Жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында Комиссия мынадай функцияларды орындайды:
      1) шетелдегi қазақ диаспораларымен өзара iс-қимыл мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      2) шетелде тұратын отандастармен әлеуметтiк-мәдени байланыстарды дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      3) шетелде тұратын отандастармен экономикалық байланыстарды нығайту және кеңейту жөнiнде ұсынымдар әзiрлейдi;
      4) мемлекеттiк органдарға талдамалық, әдiстемелiк және өзге де материалдарды қарау үшiн жiбередi;
      5) шетелде тұратын отандастардың ғылыми, мәдени және шығармашылық ұйымдарымен тұрақты қатынастарды қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.

      5. Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен өз мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыру үшiн:
      1) мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссия қызметiне байланысты материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
      2) Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша комиссия отырыстарына мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және тыңдауға;
      3) Қазақстан Республикасының Yкiметiне өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      4) Комиссия мен мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға байланысты өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.

  3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      6. Комиссияны төраға басқарады.

      7. Комиссияның жетекшiсi оның қызметiне басшылық жасайды, комиссия отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап бередi. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

      8. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және өткiзiлгеннен кейiн хаттамалар ресiмдейдi.

      9. Комиссияның отырыстары қажеттiлігіне қарай, бiрақ кемiнде жылына екi рет өткiзiледi және егер оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының үштен екiсi қатысса заңды болып саналады.

      10. Комиссияның шешiмдерi хаттама түрiнде ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.

      11. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Тiл комитетi болып табылады.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкiметiнiң
                                             2006 жылғы 25 сәуiрдегi
                                                 N 325 қаулысымен
                                                     бекiтiлген

       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 4 қазандағы  N 897  Қаулысымен.

        Шетелде тұратын отандастардың iстерi жөнiндегi
                    комиссияның құрамы

Ертiсбаев                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермұхамет Қабиденұлы         және ақпарат министрi, төраға

Бабақұмаров                - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ержан Жалбақұлы              және ақпарат вице-министрi, төрағаның
                             орынбасары

Қажыбек                    - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ерден Задаұлы                ақпарат министрлiгi Тiл комитетiнiң
                             төрағасы, хатшы

Ақылбай Серiк              - Қазақстан Республикасы Парламентi
Байсейiтұлы                  Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)

Әлиев                      - Қазақстан Республикасы Президентi
Жұматай Әлиұлы               Әкiмшiлiгiнiң Қазақстан халықтары
                             ассамблеясы Хатшылығының меңгерушiсi
                             (келiсiм бойынша)

Әбдиев                     - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Жазбек Ниетұлы               халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
                             Көшi-қон комитетiнiң төрағасы

Қоңырбаев                  - Қазақстан Республикасының
Уәлихан Сиянбекұлы           Парламенті Мәжілісінің депутаты
                             (келісім бойынша)

Қалижанұлы                 - Қазақстан Республикасы Парламентi
Уәлихан                      Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)

Мамашев                    - Дүниежүзi қазақтары қауымдастығының
Талғат Асылұлы               Төралқа төрағасының бiрiншi орынбасары
                             (келiсiм бойынша)

Мұхамеджанов               - Қазақстан Республикасының
Төлеген Мұхамеджанұлы        Парламенті Сенатының депутаты
                             (келісім бойынша)

Тiлеухан                   - Қазақстан Республикасы Парламентi
Бекболат Қанайұлы            Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)
 
Жалмағамбетова             - Қазақстан Республикасының
Светлана Жақиянқызы          Парламенті Сенатының депутаты
                             (келісім бойынша)

Есім                       - Қазақстан Республикасының
Ғарифолла                    Парламенті Сенатының депутаты
                             (келісім бойынша)

Сәдуақасов                 - Қазақстан Республикасының
Қайрат Құтымұлы              Парламенті Мәжілісінің депутаты
                             (келісім бойынша)

Қуанғанов                  - Қазақстан Республикасының Білім
Фархад Шаймұратұлы           және ғылым вице-министрі