Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 324 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 37, 390-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесiнде:
      29-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сондай-ақ конкурстық комиссия, егер конкурстық құжаттама талаптарына жауап беретiн екiден кем конкурстық өтiнiм ұсынылса, конкурсты өткiзiлмедi деп таниды.";
      39-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі