Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Ақпараттық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1377
қаулысында
:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "Инжиниринг және технологиялар трансферттi орталығы" деген сөздер "Ұлттық инновациялық қор" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 сәуiрдегi N 387
қаулысында
:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламада:
"5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi" деген бөлiмде:
"5.3. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту" деген кiшi бөлiмде:
отыз екiншi абзацта:
"Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" деген сөздер "Ұлттық инновациялық қор" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және өңiрлiк" деген сөздер алынып тасталсын;
отыз сегiзiншi абзац алынып тасталсын;
қырық жетiншi абзацтағы "Технопарктердiң ұлттық, сол сияқты" деген сөздер алынып тасталсын;
"8. Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2005 - 2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары" деген бөлiмде:
4-бағанда:
реттiк нөмiрлерi 3.1 және 3.7-жолдардағы "ИТТО" аббревиатура "ҰИҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрлерi 3.3, 3.7.1 және 3.12-жолдар "ҰИҚ" АҚ" (келiсiм бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын.