Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу ережесiн және оның мөлшерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі N 316 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 978 Қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 10-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепілдiк берiлген жарна енгiзу ережесi және оның мөлшерi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 978 Қаулысымен.

      2. "Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелерi жөнiндегi тәртiптердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 862 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 29, 280-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Азаматтарға шетелде жұмысқа орналастыру жөнiнде делдалдық көмек көрсетудiң тәртiбiнде:
      6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Шарт жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген және кепiл жарна енгiзiлгенi туралы құжаттармен расталатын, қызметкерлердiң Қазақстан Республикасына қайтып келу кепiлдiгi туралы шетелдiк жұмыс берушiнiң мiндеттемесiн қамтуға тиіс.".

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң    
2006 жылғы 24 сәуiрдегi
N 316 қаулысымен 
бекiтiлген   

Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу ережесi және оның мөлшерi

      Ескерту. Тақырыбы мен мәтінге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы N 978 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу ережесi және оның мөлшерi (бұдан әрi - Ереже) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  10-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi.

      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
      1) кепiлдiк берiлген жарна (бұдан әрi - жарна) - еңбек шартының мерзiмi аяқталғаннан кейiн шетелдiк қызметкердiң өзiнiң тұрақты тұратын елiне қайта оралу кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн ақшалай жарна;
      2) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - жергiлiктi атқарушы органдардың өңiрлiк деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуiн және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi;
      3) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органы беретiн, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағына тарту үшiн орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiнiң санын айқындайтын белгiленген нысандағы құжат.

2. Кепiлдiк берiлген жарнаны енгiзу тәртiбi және оның мөлшерi

      3. Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн әкелген кезде жұмыс берушiлер әрбiр шетелдiк қызметкер үшiн Қазақстан Республикасының банктерiне жарна енгiзуге мiндеттi.

      4. Жарналар шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың негiзiнде, оны алған күннен бастап екi ай iшiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы банктердiң бiрiндегi жұмыс берушiнiң банктiк шотына енгiзiледi.

      5. Банк пен жұмыс берушi арасындағы шартта мыналар көрсетiледi:
      1) шетелдiк қызметкердiң өзi аумағында тұрақты тұратын мемлекеттi көрсете отырып, тегi, аты, жеке куәлiгiнiң немесе паспортының нөмiрi;
      2) әр қызметкерге арналған жарна сомасы;
      3) банктiң жұмыс берушiге жарналарды қайтару тәртiбi.

      6. Бiр шетелдiк қызметкерге арналған жарна ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттiң жақын маңдағы әуежайына дейiнгi авиабилеттiң "Экономикалық" сынып бойынша құнынан кем емес мөлшерде белгiленедi.

      7. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнен келген бiр шетелдiк қызметкерге арналған жарна ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттiң жақын маңдағы станциясына дейiнгi темiр жол (купелi вагон) немесе автомобиль көлiгi билетiнiң құнынан кем емес мөлшерде белгiленедi.

      8. Банктер жарнаны жұмыс берушiге уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiнiң негiзiнде қайтарады.

      9. Уәкiлеттi орган жұмыс берушi өтiнiш жасаған күнi ол (олар) аумағында тұрақты тұратын мемлекетке кететiн қызметкердiң (қызметкерлердiң) атына көлiк құралына алынған билеттiң көшiрмесi не электронды авиабилетке ақы төленгенi туралы түбiртектiң көшiрмесi болған кезде жазбаша келiсiм бередi.

      10. Жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару кезiнде шетелдiк жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген жарна енгiзу тәртiбi мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдiң заңнамасында реттеледi.