Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 306 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      1-тармақта:
      "Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, төраға;";
      "Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қасымбек Жеңiс Махмудұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;";
      "Ысқақов Марлен Нұрахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң төрағасы;" деген жол алынып тасталсын;
      "Әйтекенов Қайрат Медiбайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;";
      "Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;" деген жол алынып тасталсын;
      "Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-тың президентi" деген жолдың алдынан мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Ақшолақов Болат Оралұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi;
      Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі