Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне Еуразия даму банкiн құру және оның жұмыс iстеуi үшiн қажеттi iшкi және халықаралық құқықтық құжаттардың және өзге де материалдардың жобаларын әзiрлеу жөнiндегi сараптамалық ұйымдастыру тобын қаржыландыру мақсатында ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетi Хатшылығының арнайы шотына аудару үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 31750000 (отыз бiр миллион жетi жүз елу мың) теңге бөлiнсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі