"Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының 33-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Азаматтық, эксперименттiк және мемлекеттiк авиацияның авиация персоналы лауазымдарының тізбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 27 мамырдағы N 524
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 22, 276-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиация персоналы лауазымдарының тiзбесiнде:
"Мамандар" деген 2-тармақта:
"әуесқой пилот;" деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"теңiз қондырғыларының радиооператоры;
жер үстi радиооператоры;";
"ұшу ақпаратын өңдеу жөнiндегi техник;" деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"теңiз қондырғыларына тiкұшақты қондыру жөнiндегi техник;".