Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 249 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде:
      6-тармақтағы "Республика даңғылы, 24" деген сөздер "Бейбiтшiлiк көшесi, 11" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетi туралы ережеде:
      5-тармақтағы "Республика даңғылы, 24" деген сөздер "Бейбiтшiлiк көшесi, 11" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетiнiң құрылымы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетi туралы ережеде:
      5-тармақтағы "Қабанбай батыр көшесi, 47" деген сөздер "Бейбiтшiлiк көшесi, 11" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде 9-тармақтың 1) тармақшасының соңғы абзацындағы "жүзеге асырады" деген сөздердiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "ғарыш объектiлерiнің тіркелімін жүргізуді".

      2. Осы қаулы қол қол қойылған күнінен қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 6 сәуiрдегi
N 249 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң
Бiлiм және ғылым саласындағы қадағалау және
аттестаттау комитетiнiң құрылымы

      Басшылық
      Лицензиялау және сыртқы емтихандар басқармасы
      Аттестаттау және аккредиттеу басқармасы
      Қаржы және әкiмшiлiк жұмыс басқармасы
      Жаратылыстану және техникалық ғылымдар бөлiмi
      Әлеуметтiк-гуманитарлық ғылымдар бөлiмi
      Медицина және ауыл шаруашылығы ғылымдары бөлiмi