Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы Еркiн сауда режимiнен алулардың күшiн кезең-кезеңiмен жою туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi арасындағы Еркiн сауда режимiнен алулардың күшiн кезең-кезеңiмен жою туралы хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Жоба
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украина
Министрлер Кабинетi арасындағы еркiн сауда режимiнен алулардың
күшiн кезең-кезеңiмен жою туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетi,
1994 жылғы 17 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украина Үкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмнiң, 1997 жылғы 29 желтоқсанда қол қойылған 1994 жылғы 17 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Yкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмге Еркiн сауда режимiнен алулар туралы хаттаманың, 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмнiң және 1999 жылғы 2 сәуiрде қол қойылған 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманың ережелерiн негiзге ала отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
Осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина арасындағы еркін сауда режимiнен алулардың күшiн кезең-кезеңiмен жою кестесi бекiтiлсiн.
Осы Хаттамаға Тараптардың өзара жазбаша келiсiмi бойынша осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын тиiстi хаттамалармен ресiмделетiн және осы Хаттаманың 3-бабына сәйкес күшіне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Осы Хаттама Тараптар оның күшiне енуiне қажетті мемлекетішілiк рәсiмдердi орындағандығы туралы жазбаша хабарламаны соңғысы алған күннен бастап күшiне енедi.
2006 жылғы____ ______________ ______________________қаласында
әрқайсысы қазақ, украин және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiннiң күшi бiрдей. Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру кезiнде Тараптардың келiспеушiлiктерi туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiннiң күшi басым болады.
Қазақстан Республикасының Украина Министрлер
Үкiметi үшiн Кабинетi үшiн
200_ жылғы___ _______________
Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Украина Министрлер Кабинетi
арасындағы Еркiн сауда режимiнен
алулардың күшiн кезең-кезеңiмен
жою туралы хаттамаға қосымша
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украина
Министрлер Кабинетi арасындағы еркiн сауда режимінен
алулардың күшiн кезең-кезеңiмен жою кестесi
СЭҚ ТН
|
Атауы |
Алулардың күшiн жою мерзiмдерi |
Қазақстан Республикасына экспорттаған кезде Украинаның еркiн сауда режимiнен алынуға тиiс тауарларға қатысты |
||
0102 90 |
Тiрi iрi қара мал |
2008 жылғы
|
0104 10 |
Тiрi қойлар |
2008 жылғы
|
4101 |
Ірі өзара малдың өңделмеген терісі |
2007 жылғы
|
4102 |
Қойлардың өңделмеген терісі немесе қозылардың терісі |
2007 жылғы
|
4103 30 |
Шошқаның өңделмеген терісі |
2007 жылғы
|
Украинадан импорттаған кезде Қазақстан Республикасының еркiн сауда аймағы режимiнен алынуға тиiс тауарларға қатысты |
||
2203 |
Ашытылған сыра |
2007 жылғы
|
2204 |
Күшейтiлгендерiн қоса алғанда, табиғи жүзiм шараптары, 2009-тауар позициясында көрсетiлгеннен басқа жүзiм ашытқысы |
2007 жылғы
|
2205 |
Өсiмдiктер немесе хош иiстi заттар
|
2007 жылғы
|
2206 |
Ашытылған өзге де сусындар (мысалы, сидр, перри немесе алмұрт сидрi, балды сусын); басқа жерде аталмаған немесе енгiзiлмеген ашытылған сусындардан жасалған қоспалар және ашытылған сусындар мен алкогольсiз сусындардан жасалған қоспалар |
2007 жылғы
|
2207 |
Спирттiң қоспасы 80 айн. % немесе одан
|
2009 жылғы
|
2208 |
Спирттiң қоспасы 80 айн. %-дан кем
|
2009 жылғы
|
|
мыналардан басқа: |
|
2208 60 |
Арақ |
2008 жылғы
|
24 |
Темекі және темекінің өнеркәсіптік алмастырғыштары |
2007 жылғы
|