Кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 наурыздағы N 211 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Республика сарайы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Республикалық қосымша бiлiм беру оқу-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны мүлiктiк кешендер ретiнде Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi және Алматы қаласының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорындарды қабылдап алу-беру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 415-28-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 470-148-жол алынып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 45-жол алынып тасталсын;

      3) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 538-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Концерттiк ұйымдар" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 20-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі