Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржова Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi болып тағайындалсын.
2. Арман Ғалиасқарұлы Дунаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi мiндетiнен босатылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi және Басқарушылар Кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 сәуiрдегi N 418 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақ алынып тасталсын.