Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 172 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат):

      1-тармақта:
      Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
      Қосдәулетов Дулат Рашитұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi, төрайымның орынбасары;
      Әбдiмомынов Азамат Құрманбекұлы - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым вице-министрi;
      Бектұров Азат Ғаббасұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi;
      Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есiмұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінiң экономика және қаржы жөнiндегi орынбасары;
      Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
      Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi;
      Калюжный Вячеслав Афанасьевич - Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық басшысы (келiсiм бойынша);
      Оңғарбаев Еркiн Әнуарұлы - "Қазақ гуманитарлық заң университетi" акционерлiк қоғамының бiрiншi проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор (келiсiм бойынша);
      Баймаханов Мұрат Тәжiмұратұлы - "Қазақ гуманитарлық заң университетi" акционерлiк қоғамының мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушiсi, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (келiсiм бойынша);
      Жиреншин Қазбек Әбусағитұлы - "Қазақ гуманитарлық заң университетi" акционерлiк қоғамы конституциялық құқық және мемлекеттiк басқару кафедрасының меңгерушiсi, заң ғылымдарының докторы, профессор (келiсiм бойынша);
      Мәуленов Ғазиз Сырбайұлы - "Қазақ гуманитарлық заң университетi" акционерлiк қоғамы жанындағы заңнамалық кесiмдердiң жобаларын дайындау және сараптау ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкерi, заң ғылымдарының кандидаты, профессор (келiсiм бойынша);
      көрсетілген құрамнан Мұқашев Рахмет Желдiбайұлы, Әмрин Асқар Кемеңгерұлы, Гамарник Геннадий Николаевич, Коржова Наталья Артемовна, Курбатов Владимир Николаевич, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Тасболатов Абай Бөлекбайұлы шығарылсын;

      4-тармақ "Әдiлет министрлiгіне" деген сөздерден кейiн "шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау," деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Yкiметi мен уәкілеттi мемлекеттiк органдардың заң жобалау қызметiнiң барысын ай сайын қорытсын, шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындасын және есептi айдан кейiнгi айдың бiрi күнiне қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберсiн;";
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      6 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, отырыстарына төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.";
      "9. Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың бiрiншi және үшiншi дүйсенбiсiнде, қажет болған кезде, Комиссияның төрағасы белгілейтiн өзге де күндерде де өткiзiледі.";

      11-тармақ "хаттамамен" деген сөздiң алдынан "Комиссияға төрағалық етушi мен оның хатшысы қол қоятын" деген сөздермен толықтырылсын;

      12-тармақта "төраға" деген сөз "төрағалық етушi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
      "16. Комиссияның отырысы, егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде жартысы қатысса, заңды деп саналады. Комиссия мүшелерiнiң отырысқа қатысу жөнiндегi өз өкiлеттіктерiн басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.";

      2) "Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 тамыздағы N 840  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 34, 344-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесiнде:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жоғарыда көрсетiлген кезеңдердiң әрқайсысында заң жобалау қызметiн жүзеге асыру уәкiлеттi органның заң қызметiнiң басшысымен келiсiлуi тиiс.
      Заң сараптамасын жүргізу үшiн келiсуге жiберген кезде заң жобасының әр парағына уәкiлеттi органның заң қызметiнiң басшысы қол қояды.";

      3) "Азаматтық заңнаманы жетілдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 3 тамыздағы N 828  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 29, 385-құжат):
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
      Қосдәулетов Дулат Рашитұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi, төрайымның орынбасары;
      Ақанов Айқан Ақанұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi;
      Баталов Асқар Болатұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;
      Оразбаев Бiрлiк Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi;
      Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
      Үмбетәлиев Мәди Тоқтарұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi;
      көрсетiлген құрамнан Бекбосынов Сабыржан Мәдиұлы, Әйтекенов Қайрат Медiбайұлы, Әмрин Асқар Кемеңгерұлы, Әшитов Батыржан Зайырқанұлы, Iзмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Кравченко Иван Михайлович шығарылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың төртiншi дүйсенбiсiнде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгiлейтiн өзге де күндерде де өткiзіледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде жартысы қатысқан кезде заңды деп саналады.";

      4) "Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 21 шiлдедегi N 758  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 31, 401-құжат):
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:
      Қосдәулетов Дулат Рашитұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi, төрайымның орынбасары;
      Ноздрин Валерий Владимирович - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (келісiм бойынша);
      Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы - Қазақстан Республикасы Парламентiнің Мәжiлісi Аппараты Басшысының орынбасары (келiсiм бойынша);
      Бояркин Сергей Иванович - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлісiнiң депутаты (келiсiм бойынша);
      Үкiбаев Ермек Елеуханұлы - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша);
      Ақанов Айқан Ақанұлы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi;
      Бектұров Азат Ғаббасұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi;
      Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есiмұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң экономика және қаржы жөнiндегi орынбасары;
      Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi төрағасының орынбасары;
      Оразбаев Бiрлiк Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi;
      Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
      Уандықов Ерiк Құсманұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi;
      Үмбетәлиев Мәди Тоқтарұлы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi;
      Радостовец Николай Владимирович - Қазақстан Республикасы Тауар өндiрушiлер мен экспорттаушылар одағының президентi (келiсiм бойынша);
      Құрбанбаева Гүлнәр Төретайқызы - Қарағанды облысы кәсiпкерлер қауымдастығының директоры (келiсiм бойынша);
      Амандықов Қайрат Якудаұлы - Қазақстан Республикасының Кәсiподақтар одағы федерациясы төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
      Нұрғалиев Тұрсынхан Оразұлы - Астана қаласы кәсiпкерлерiнiң құқықтарын қорғау жөнiндегi қауымдастығы заң қызметiнiң басшысы (келiсiм бойынша);
      мына:
      "Баймаханов Мұрат Тәжiмұратұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi (келiсiм бойынша)";
      Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы - "Қазақстан Республикасы Заң шығару институты" акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты (келiсiм бойынша)";
      "Нұғманова Эльмира Әбдiкқызы - "Қазақстан Республикасы Заң шығару институты" акционерлiк қоғамының басқармасы төрағасының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты (келiсiм бойынша)"
      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Баймаханов Мұрат Тәжiмұратұлы - "Қазақ гуманитарлық заң университетi" акционерлiк қоғамы мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушiсi, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi (келiсiм бойынша)";
      "Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы - заң ғылымдарының кандидаты (келiсiм бойынша)";
      "Нұғманова Эльмира Әбдiкқызы - заң ғылымдарының кандидаты (келiсiм бойынша)";
      көрсетiлген құрамнан Мамонтов Николай Иванович, Аюбаев Мұхтар Ақатұлы, Абайдiлдин Талғатбек Жәмшитұлы, Әйтекенов Қайрат Медiбайұлы, Әшитов Батыржан Зайырқанұлы, Белоног Анатолий Александрович, Гамарник Геннадий Николаевич, Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы, Iзмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Тасболатов Абай Бөлекбайұлы, Базарбаева Әсия Бақытқызы, Сүнтаев Тiлеген Иматұлы, Штарк Михаил Владимирович шығарылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әкiмшiлiк заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың екiншi дүйсенбiсiнде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгiлейтiн өзге де күндерде де өткiзіледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде жартысы қатысқан кезде заңды деп саналады.";

      10-тармақтың бiрiншi абзацы "дауыс берумен" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Комиссия мүшелерiне сұрау салу жолымен" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрінің
      мiндетiн атқарушы