Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2005 жылғы 1 қарашада Анкара қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы
келiсiм
Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Түрiк Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Тараптар),
ұзақ уақыттан берi орын алып келе жатқан достық өзара қарым-қатынасты күшейтуге ниет бiлдiре отырып,
1993 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Әскери бiлім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi және 1994 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Әскери ғылым, техника мен білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi ескере отырып,
төмендегiлер туралы келiсті:
Түрiк Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметiне АҚШ долларына баламада 1237500 (бiр миллион екi жүз отыз жетi мың бес жүз) түрiк лирi сомасында өтеусiз әскери көмек бередi.
Өтеусiз әскери көмекті беру осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап басталады.
АҚШ долларына баламада 1237500 (бiр миллион екi жүз отыз жеті мың бес жүз) түрiк лирi сомасындағы өтеусiз әскери көмек Түрiк Республикасының заңнамасына сәйкес материалдық көмек және қызметтер түрiнде берілетiн болады.
АҚШ долларына баламада 1237500 (бiр миллион екi жүз отыз жетi мың бес жүз) түрiк лирi сомасындағы өтеусiз әскери көмек осы Келiсiмге сәйкес екi елдiң құзыретті органдары жасасатын атқару хаттамаларына сәйкес iске асырылатын болады.
Қазақстан Тарабы түрiк Тарабының алдын ала келiсiмiн алусыз түрiк Тарабынан алынған материалдар мен қызметтердi немесе оларды пайдалану құқығын үшiншi тарапқа бермеуге келiсті.
Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшілік рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм өз әрекетін осы Келiсiмнің 3-бабында көрсетілген Атқару хаттамасына сәйкес ұсынылған материалдық көмектi және қызметтердi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне толық берген сәтінен бастап тоқтатады.
Осы Келiсiм Тараптардың мынадай құзыретті органдары iске асыратын болады:
қазақстан Тарабынан - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
түрiк Тарабынан - Түрiк Республикасының Бас штабы.
Құзыретті органдардың ресми атаулары немесе функциялары өзгерген жағдайда Тараптар дипломатиялық арналар арқылы уақытында хабардар етiлетін болады.
Осы Келiсiмдi iске асыру кезiнде туындайтын кез келген келiспеушіліктер келiссөздер және консультациялар жолымен шешілетiн болады.
2005 жылғы 1 қарашада Анкара қаласында әрқайсысы қазақ, түрiк, орыс және ағылшын тілдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндерiнiң күшi бiрдей.
Осы Келiсімнің ережелерiн түсiндiруде келiспеушiліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтiнге жүгінетiн болады.
Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасының
Yкіметі үшін Үкіметі үшін
Қолы: Қолы:
Тегi: Ашықбаев Б.М. Тегі: Али Доган
Әскерi шенi: генерал-майор Әскерi шенi: бригадалық генералы
Лауазымы: Қазақстан Лауазымы: Түрiк Республикасының
Республикасының Түрiк Бас штабы қорғаныс жоспары және
Республикасындағы Елшiлігi ресурстарды басқару департамент
жанындағы әскери атташесы бастығы