РҚАО-ның ескертуі. Қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 9, 69-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiнде:
3-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "қызметкер ұсынған зейнетақы шарты көшiрмесiнiң негiзiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Агенттердiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан (бұдан әрi - Орталық) қызметкерде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы туралы растама алуына болады.
Агенттiң Қызметкерде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуын растауға арналған өтiнiшiнде: агенттiң атауы, қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, әлеуметтiк жеке коды көрсетiледi. Егер тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген болса, онда сонымен қатар әлеуметтiк жеке код беруге арналған тiркеу кәртiшкесiне жазылған бұрынғы тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. Өтiнiшке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиiс. Егер бас бухгалтердiң лауазымы көзделмеген болса, өтiнiшке тиiстi белгi қойылады.
Орталық агенттен қызметкерде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуын растауға арналған өтiнiш келiп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде агентке осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерде осы шарттың болуы туралы анықтама-растаманы береді.";
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар мiндеттi зейнетақы жарналарын салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептейдi және оларды өзiнiң пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.";
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетiншi абзацтармен толықтырылсын:
"Арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары мiндеттi зейнетақы жарналарын салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептейдi және оларды шаруа (фермер) қожалығы мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.
Арнаулы салық режимiн бiржолғы талон негiзiнде қолданатын жеке тұлғалар мiндеттi зейнетақы жарналарын бiржолғы талондар сатып алынатын әрбiр отыз күнге есептейдi және оларды өзiнiң пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.";
төртiншi абзацтағы "әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердi есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым - Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық (бұдан әрi - Орталық)" деген сөздер "Орталық" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-1-тармақ мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"арнаулы салық режимiн бiржолғы талон негiзiнде қолданатын жеке тұлғалар - бiржолғы талондар сатып алынған отыз күннен кейiнгi он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмейтiн мерзiмде;";
4-тармақтың екiншi абзацындағы "мен нотариустар" деген сөздер ", жеке меншiк нотариустар мен арнаулы салық режимiн бiржолғы талон негiзiнде қолданатын жеке тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
екiншi абзацтағы "ең төменгi айлық жалақының жетпiс бес еселенген" деген сөздер "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар өзiнiң пайдасына - мәлiмдейтiн кiрiсiнiң он пайызы мөлшерiнде, бiрақ жалақының ең төменгi мөлшерiнiң кемiнде он пайызы және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгi мөлшерiнiң он пайызынан аспайды;";
мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi абзацтармен толықтырылсын:
"арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары шаруа (фермер) қожалығы мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына - жалақының ең төменгi мөлшерiнiң кемiнде он пайызы мөлшерiнде және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгi мөлшерiнiң он пайызынан аспайды;
арнаулы салық режимiн бiржолғы талон негiзiнде қолданатын жеке тұлғалар өзiнiң пайдасына - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының ең төменгi мөлшерiнiң он пайызы мөлшерiнде;";
7, 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, оның iшiнде берешектi аудару Орталыққа жүргiзiледi. Орталық мiндеттi зейнетақы жарналарын мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
8. Салымшылардың мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы Орталықтың шотына келiп түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде, МТ-100 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылады.
Орталық сонымен бiр уақытта Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электронды тәсiлмен жинақтаушы зейнетақы қорларына агенттерден келiп түскен, МТ-100 форматы төлемiнiң сомасына сәйкес келетiн төлем тапсырмалары тобынан тұратын, олардың пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тiзiмiн жiбередi.
Салымшының мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты және (немесе) МТ-102 форматындағы тiзiмде көрсетiлген тiркелген әлеуметтiк жеке коды болмаған кезде және (немесе) салымшының деректемелерiнде қателер жiберiлген болса, Орталық салымшының мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасын агенттiң шотына қайтарады.
Орталық күн сайын жинақтаушы зейнетақы қорларына алдыңғы операциялық күнi тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорына жүргiзiлген төлемдер (сомасы мен салымшылардың саны) туралы үзiндi көшiрменi ұсынады.";
9-тармақтың бiрiншi абзацында:
"жинақтаушы зейнетақы қорларына" деген сөздер "Орталыққа" деген сөзбен ауыстырылсын;
"әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларының" деген сөздер "Орталықтың" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "мен нотариустар" деген сөздер ", жеке меншiк нотариустар мен арнаулы салық режимiн бiржолғы талон негiзiнде қолданатын жеке тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтағы "Орталық арқылы" деген сөздер "Орталыққа" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Салымшылардың (алушылардың), агенттердiң және жинақтаушы зейнетақы қорларының мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмақыны аудару кезiнде қателер байқалған жағдайдағы iс-әрекеттерiнiң тәртiбi";
13-тармақта:
"мiндеттi зейнетақы жарналарының" деген сөздерден кейiн "және (немесе) өсiмақының" деген сөздермен толықтырылсын;
"қабылдау үшiн" деген сөздерден кейiн "қате байқағаны және" деген сөздермен толықтырылсын;
"жинақтаушы зейнетақы қорына" деген сөздерден кейiн "немесе Орталыққа" деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Салымшының (алушының) деректемелерiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмақыны аудару кезiнде жiберiлген қателер байқалған жағдайда салымшы (алушы) қатенi түзеу туралы жинақтаушы зейнетақы қорына өтiнiш бередi. Өтiнiшке агент осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшы (алушы) өтiнiш жасаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде беретiн анықтама-растама қоса берiледi.
Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеудi қолма қол ақшамен жүзеге асыру кезiнде анықтама-растаманың орнына банктiк түбiртектердiң көшiрмелерi қоса берiледi.
Жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынылған құжаттардың негiзiнде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотының деректемелерiне өзгерiстер енгiзедi.";
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Агент мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмақыны есептеу, аудару кезiнде жiберiлген қателердi тапқан немесе салымшының (алушының) қателер байқалғаны туралы жазбаша өтiнiшiн алған жағдайда агент қателердi мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмақының бұдан кейiнгi аударымдарын реттеу жолымен түзетедi.
Қателердi кейiнгi аударымдармен түзету мүмкiн болмаған кезде агент қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмақыны қайтару туралы Орталыққа өтiнiш бередi, ол әрбiр салымшы (алушы) бойынша жеке ресiмделедi. Қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмақыны қайтару туралы өтiнiшке өзiнiң жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келiсетiнi туралы салымшының (алушының) өтініші қоса беріледі.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
16. Қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмақыны қайтаруға берiлген өтiнiште: агенттiң атауы мен деректемелерi, (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТН), банктiк сәйкестендiру коды (БСК), жеке сәйкестендiру коды (ЖСК)), қайтару себебi, қате жiберiлген төлем құжаттарының деректемелерi (N, күнi мен сомасы), сондай-ақ жеке зейнетақы шотынан қайтару мен қайтаруға жататын жеке сомалар жүргiзiлетiн салымшының деректемелерi көрсетiледi. Өтiнiшке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиiс. Егер бас бухгалтердiң лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берiлген өтiнiшке тиiстi белгi қойылады.";
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Орталық агенттердiң немесе банктердiң өтiнiштерiн қоса берiлген құжаттарымен бiрге үш банктiк күн iшiнде тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына тiркелетiн почталық жөнелтiлiмдермен жiбереді.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмақыны Орталыққа қайтаруды жинақтаушы зейнетақы қоры тиiстi өтiнiштердi алған күннен бастап он банктiк күн iшiнде жүргiзедi.";
19-тармақта:
"зейнетақы жарналарының" деген сөздерден кейiн "және (немесе) өсiмақының" деген сөздермен толықтырылсын;
"Егер бас бухгалтердiң лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берiлген өтiнiшке тиiстi белгi қойылады." деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақтағы "зейнетақы жарналарының" деген сөздерден кейiн "және (немесе) өсiмақының" деген сөздермен толықтырылсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Орталық қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) өсiмақы әкелiп түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде оларды төлем тапсырмасында көрсетiлген деректемелерге сәйкес аударуды жүргiзедi.";
23-тармақтағы "зейнетақы жарналарының" деген сөздерден кейiн "және (немесе) өсiмақының" деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны, (есептемегенi) және аудармағаны үшiн өсiмақы төлеудi агенттер, кейiн Орталық салымшының (алушының) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты қолданылатын жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы үшiн, Орталықтың төлем мақсатының коды "019" банктiк шотына жүргiзедi.";
26-тармақтың бiрiншi абзацындағы "жинақтаушы зейнетақы қорының пайдасына" деген сөздер "Орталықтың банктiк шотына" деген сөздермен ауыстырылсын;
30-тармақтағы "Орталық арқылы" деген сөздер алынып тасталсын және "жинақтаушы зейнетақы қорларына" деген сөздер "Орталықтың банктiк шотына" деген сөздермен ауыстырылсын;
32-тармақтағы "зейнетақы шарттарының" деген сөздер "мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
35-1-тармақта:
"жинақтаушы зейнетақы қорларына" деген сөздер "кейiннен Орталыққа" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзац алынып тасталсын;
35-2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "түпкi алушы ретiнде бенефициарды - жинақтаушы зейнетақы қорын және делдал банк ретiнде Орталықты" деген сөздер "бенефициарды - Орталықты" деген сөздермен ауыстырылсын;
35-6-тармақтың екiншi абзацындағы "Алып қою туралы актi ресiмделген күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде" деген сөздер "Сонымен бiр мезгiлде" деген сөздермен ауыстырылсын;
35-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35-7. Агенттен алып қойылған қолма-қол ақша алып қойылған күнiнен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей, оларды кейiннен Орталық тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуы үшiн, салымшылардың (алушылардың) деректемелерiн және олардың сомасын көрсете отырып, Орталыққа аудару үшiн банкке немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзуге жатады.";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетiлген Ережеге 2-қосымшадағы "және әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектiң жалпы сомасы көрсетiлген жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он бесiншi, он алтыншы, он жетiншi, он сегiзiншi, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бiрiншi, жиырма екiншi, жиырма үшiншi, жиырма төртiншi, отыз алтыншы, жетпiс бесiншi абзацтарын қоспағанда, 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 наурыздағы
N 170 қаулысына
қосымша
Мiндеттi зейнетақы жарналарын
есептеудiң, ұстап қалудың (қоса
есептеудiң) және жинақтаушы
зейнетақы қорларына аударудың
ережесiне 1-1-қосымша
Қызметкерде(-лерде) мiндеттi зейнетақы жарналары
есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың
болуы туралы анықтама-растама
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық қызметкерде
(-лерде) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен
қамсыздандыру туралы шарттың болуы туралы хабарлайды.
N |
Тегi |
Аты |
Әкесiнiң
|
Туған күнi
|
Әлеуметтiк
|
Қызметкерде
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
М.О. ЗТМО аудандық (қалалық)
бөлiмiнiң бастығы ________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Берiлген күнi 200__жыл "____"_____________________