Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң қарамағындағы кейбiр ұйымдарды Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 158 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Алматы қаласы әкiмiнiң "Мемлекеттiк қуыршақ театры", "Ықылас атындағы Республикалық музыкалық халық аспаптар мұражайы", "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiреповтiң мемлекеттiк әдеби-мемориалдық мұражай кешенi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын, "Жамбыл атындағы Мемлекеттiк республикалық жасөспiрiмдер кiтапханасы", "С. Бегалин атындағы Мемлекеттiк республикалық балалар кiтапханасы" мемлекеттiк мекемелерiн мүлiктiк кешендер ретiнде республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi және Алматы қаласының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ұйымдарды қабылдау-беру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 415-9, 415-21 және 415-23-жолдар алынып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 538-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Театрлар" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 10-жол алынып тасталсын;
      "Мұражайлар" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 25 және 29-жолдар алынып тасталсын;
      "Кiтапханалар" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 39 және 40-жолдар алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнің
      мiндетiн атқарушы