Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссиялар құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 ақпандағы N 72 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссиялар құрамына енгiзiлсiн:
Балқаш көлi, Алакөл көлдер жүйесi, Іле өзенi және Қапшағай су қоймасы бойынша:
Камалиев - Қарағанды облысы әкiмiнiң
Берiк Сайлауұлы орынбасары;
Каспий теңiзi, Жайық өзенi және Қиғаш өзенi бойынша:
Нақпаев - Атырау облысы әкiмiнiң
Сәлiмжан Жұмашұлы орынбасары;
көрсетiлген құрамнан Таласпеков Жомарт Секенұлы, Рысқалиев Бергей Сәулебайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы