1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi денсаулық сақтау саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-73-жолмен толықтырылсын:
"9-73 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
"Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология
ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы";
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"1. Мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 39-1-жолмен толықтырылсын:
"39-1. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы";
"2. Мемлекеттік мекемелер" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 54-жол алынып тасталсын;
3) (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен)