Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 - 2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005 - 2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында:
қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi 2005 - 2007 жылдарға арналған басымды бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде (5-бөлiм):
"2005 - 2007 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi" деген кестеде:
"Астананың гүлденуi - Қазақстанның гүлденуi" 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының мемлекеттiк бағдарламасы" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 72-жолда:
5-баған "31007640" деген сандармен толықтырылсын;
6-баған "1000000" деген сандармен толықтырылсын;
7-бағандағы "8000000" деген сандар "8308000" деген сандармен ауыстырылсын;
8-баған "7194666" деген сандармен толықтырылсын;
9-баған "14504974" деген сандармен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 76-жолда:
6-бағандағы "23722" деген сандар "22050" деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы "200000" деген сандар алынып тасталсын;
9-баған "201672" деген сандармен толықтырылсын;
"Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ" деген жолда:
7-бағандағы "15019635" деген сандар "15127635" сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы "6631350" деген сандар "13826016" деген сандармен ауыстырылсын;
9-бағандағы "5194341" деген сандар "19900987" деген сандармен ауыстырылсын;
"Барлығы:" деген жолда:
7-бағандағы "194631734" деген сандар "194739734" деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағандағы "203318437" деген сандар "210513103" деген сандармен ауыстырылсын;
9-бағандағы "162772793" деген сандар "177479439" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі