Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 18 маусымдағы N 669 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен оны iске асыру тетiгi" деген 3-бөлiмде:
"Магистралды газ құбырлары жүйесiн жаңғырту және дамыту" деген 3.3-кiшi бөлiмде:
"Жаңа газ құбырларын қайта құрылымдау және салу" деген 3.3.1-тарауда:
"Жұмыс iстеп тұрған газ-көлiк жүйесiн қайта құрылымдау және салу" деген бөлiгiнде:
соңғы абзацтағы "және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын;
"Елдi газбен iшкi жабдықтау газ құбырлары тораптарын кеңейту" деген бөлiгiнде:
тоғызыншы абзацтағы "және "РГС" ЖАҚ", ", сондай-ақ "ҚазТрансГаз Дистрибьюшен ЖАҚ атынан газды көтерме саудамен жеткiзу жөнiндегi оператордың" деген сөздер алынып тасталсын;
"Саланы ұйымдастырушылық және нормативтiк қамтамасыз ету" деген 3.4-кiшi бөлiмде:
"Газ көлiк жүйесiнiң ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру" деген 3.4.1.-тарауда:
он үшiншi абзац алынып тасталсын;
"2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының газ саласын дамыту бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-бөлiмде:
"Сала жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi iс-шаралар" деген 1-кiшi бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрі 3-1-жолмен толықтырылсын:
"3-1 Қазақстан Қазақстан ЭМРМ, 2006 ж. Талап Жоқ
Республикасы- Республикасы- мүдделi 4-тоқсан етiл-
ның газ саласын ның Үкiметi мемле- мейдi
дамытудың қаулысының кеттiк
2007-2010 жобасы органдар
жылдардағы мен ком-
кезеңге паниялар
арналған (келiсiм
(екiншi кезеңi) бойынша)
бағдарламасын
iске асыру
жөнiндегi iс-
шаралар жоспарын
әзiрлеу ";
көрсетiлген Жоспарға ескертуде:
"ТМРБҚА - ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау агенттiгi" деген жол "ТМРА - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi" деген жолмен ауыстырылсын;
"ТЖА - ҚР Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi" деген жол "ТЖМ - ҚР Төтенше жағдайлар министрлiгi" деген жолмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі