Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө өкiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы N 95 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө  өкiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 9 ақпандағы  
N 95 қаулысымен     
бекiтiлген       

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 363-ө өкiмiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. <*>
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.29. N  600 қаулысымен.

      2. "Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1851  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндамада:
      48-тармақтың төртiншi абзацындағы "2001" деген сандар "2007 жылғы 1-тоқсанда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 43, 434-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрлерi 25, 80-жолдар алынып тасталсын.

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.31.  N 222 қаулысымен.

      5. <*>
       Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.02.02.  N 79 қаулысымен.

      6. "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1286  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 48, 617-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      "Нормативтiк-құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi жетiлдiру" деген 1-бөлiмнiң 5-бағанындағы реттiк нөмiрi 8-жолдағы "4-тоқсан" деген сөздер "3-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 желтоқсандағы N 1295  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндамада:
      "Жалпы мәлiметтер" деген 1-бөлiктiң "Ел және халық (негiзгi гендерлiк сипаттамалар)" деген 1-бөлiмiнiң "Әйелдерге қатысты зорлық" деген кiшi бөлiмiнiң төртiншi абзацындағы "2006 жылғы 2-тоқсанда" деген сөздер және "2005 - 2007" деген сандар тиiсiнше "2007 жылғы 1-тоқсанда" деген сөздермен және "2006 - 2007" деген сандармен ауыстырылсын.

      8. "2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерiнiң IV Форумында Қазақстан Республикасының Президентi қойған мiндеттердi iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 13 желтоқсандағы
N 363-ө  өкiмiнде :
      көрсетiлген өкiммен бекiтiлген 2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерiнiң IV Форумында Қазақстан Республикасының Президентi қойған мiндеттердi iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 25-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2007 ж. I тоқсан".