Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 68 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 52-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:
      11-тармақтың 2) тармақшасында:
      бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "балық және басқа да су жануарларын аулау және қайта өңдеу жөнiндегi негiзгi құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы нотариалды түрде куәландырылған құжаттардың көшiрмесiн";
      сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "салық төлеушiнiң салықтық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы (болуы) туралы салық органының анықтамасын қамтиды".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі