Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 649 және 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулыларына өзгерістер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 28 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "ФУМЭКС" республикалық мемлекеттiк кәсiпорынын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 649  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 221-құжат):
      4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген 2-бөлiмде:
      "Фитосанитарлық диагностика және болжамдар республикалық әдiстеме орталығы" деген жолда 3-бағандағы "482" деген сандар "848" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi