Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 9 сәуiрдегi N 398 қаулысына өзгерістер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 21 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 сәуiрдегi N 398  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 16, 209-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақтағы "Ақпарат" деген сөз "Мәдениет, ақпарат және спорт" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы Бағдарламаның iске асырылу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 1.2, 1.3 және 2.2-жолдар алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 14-жолда "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "Ақпаратминi" деген сөз және "ТЖА" деген аббревиатура тиiсiнше "МАСМ" және "ТЖМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 2.3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"2.3  Теледидар және/немесе радио   Норма-  МАСМ  2005   Талап
      хабарларын таратуды           тивтiк        жылғы  етiл-
      ұйымдастыру жөнiндегi         құқық-        4-     мейдi
      қызметтi лицензиялау кезiнде  тық           тоқсан
      қойылатын бiлiктiлiк          кесiмнiң
      талаптары                     жобасы                    ";

      реттiк нөмiрлерi 3.1, 3.2, 3.3, 3.4, 3.5, 3.6, 3.7, 3.8 және 3.9-жолдарда "Орындалуына жауаптылар" деген бағандағы "Ақпаратминi" деген сөз "МАСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      ескертудiң 2-тармағының бiрiншi және жетiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi;";
      "ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі