Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 6 қаңтардағы
N 19 қаулысына
қосымша
Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзiрлеу
жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы
Есімов Ахметжан - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Смағұлұлы министрі, төраға
Тұңғышбеков - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Санат Тұңғышбекұлы министрлiгі Ауылдық аумақтар iстерi
комитетiнiң төрағасы, төрағаның
орынбасары
Әмiрғожин - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Хамит Айдарұлы министрлiгiнiң Ауылдық аумақтар iстерi
комитетi төрағасының орынбасары, хатшы
Күрішбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрі
Белихин - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
Иван Васильевич орынбасары
Әбілбекова - Қазақстан Республикасы Экономика
Айгүл Әбілқадырқызы және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Өңірлік саясат және бюджетаралық
қатынастар департаментінің директоры
Санатова - Қазақстан Республикасы Білім және
Майра Тақауқызы ғылым министрлігі Мектепке дейінгі
және жалпы орта білім
департаментінің директоры
Керімбеков - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Әрсен Жақашұлы сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту
департаментінің директоры
Исмайылов - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Жұмағали Қазыбайұлы сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу
жұмысы департаментінің директоры
Толымбаев - Қазақстан Республикасы Энергетика
Анарбек Зиябекұлы және минералдық ресурстар министрлігі
Газ өнеркәсібі департаментінің
директоры
Волкова - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Елена Владимировна және байланыс агенттігі Байланыс
департаментінің директоры
Епбаева - Қазақстан Республикасы Статистика
Айгүл Тоқтарханқызы агенттігі Микроэкономикалық статистика
департаментінің директоры
Щеглова - Қостанай облысы Экономика және
Мария Александровна бюджеттік жоспарлау департаментінің
директоры
Тәшенов - Солтүстік Қазақстан облысы Ауыл
Серік Серғалиұлы шаруашылығы департаментінің
директоры
Әлімов - Ақтөбе облысы Экономика және
Қуантқан Мырзабекұлы бюджеттік жоспарлау департаментінің
директоры
Оразғұлов - Қарағанды облысы Экономика және
Расұл Қабдоллаұлы бюджеттік жоспарлау департаментінің
директоры
Давдрикова - Павлодар облысы Экономика және
Галина Семеновна бюджеттік жоспарлау департаментінің
директоры
Әжіғалиева - Атырау облысы Экономика және
Айгүл Теміртасқызы бюджеттік жоспарлау департаментінің
директоры
Райымбеков - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Каналбек Ұтжанұлы басқару агенттiгі төрағасының орынбасары
Омаров - Қазақстан Республикасы Ауыл
Тобылбек Есенжолұлы шаруашылығы министрлігінің аппарат
басшысы
Бисембаева - Қазақстан Республикасы Еңбек және
Бағила Мүбәракқызы халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінің
Көшi-қон комитетi төрағасының орынбасары
Атшабаров - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Нұрлан Бақытжанұлы министрлiгiнiң Су ресурстары комитетi
төрағасының орынбасары
Әлiбаев - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Айтбай Сүйiнбайұлы министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек
және заңгерлiк қызмет көрсетудi
ұйымдастыру комитетi төрағасының
орынбасары
Алпысбаев - Қазақстан Республикасы Ішкі
Ғазымбек Алпысбайұлы істер министрлігінің Әкімшілік
полиция комитеті төрағасының орынбасары
Бекниязов - Қазақстан Республикасы Қоршаған
Болат Қабыкенұлы ортаны қорғау министрлігі
Экологиялық проблемалар, ғылым
және мониторинг департаментінің
директоры
Шаймерден - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Ербол Шаймерденұлы және ақпарат министрлігі
Тарихи-мәдени мұра департаментінің
директоры
Сейiтжанов - Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы
Аманжол Сейiтжанұлы департаментiнiң директоры
Тойбаев - Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары
Әлiхан Әбдiханұлы
Үсенбаев - Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары
Ермек Өмiрбайұлы
Жұмағалиев - Батыс Қазақстан облысы Экономика және
Ерболат Мұхтарұлы бюджеттiк жоспарлау департаментiнiң
директоры
Шәменова - Қызылорда облысы Экономика және
Балжан Мүрәлiқызы бюджеттiк жоспарлау департаментiнiң
директоры
Нұрғалиева - Маңғыстау облысы Экономика және
Халила Хабижанқызы бюджеттiк жоспарлау департаментiнiң
директоры
Алдабергенов - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ауыл
Қалыбек Құдайбергенұлы шаруашылығы департаментiнiң директоры
Сағынов - Қазақстан Республикасы Көлік және
Замир Садықұлы коммуникация министрлігінің Көлік
инфрақұрылымын дамыту комитеті
төрағасының орынбасары
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.03.27. 209 , 2007.09.14. N 804 Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 6 қаңтардағы
N 19 қаулысымен
бекітілген
Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзiрлеу
жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1149 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру мақсатында Ауылдық аумақтарды дамыту саласында ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) ресурстарды экономикалық перспективалы өмiр сүретiн жерлерге шоғырландыруға мүмкiндiк беретiн және ауыл халқы кiрiстерiнiң қолайлы деңгейiн қамтамасыз ететiн ауылды оңтайлы қоныстандыру негiзiнде селоның (ауылдың) тыныс-тiршiлiгiне қалыпты жағдай жасауға бағытталған ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу.
5. Комиссияның функциялары өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мыналар бойынша ұсыныстар әзiрлеу болып табылады:
1) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты одан әрi жетiлдiру;
2) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту және ауыл халқын қолайлы өмiр сүру жағдайларымен қамтамасыз ету;
3) ауылдық аумақтарды экономикалық және әлеуметтiк тұрақты дамытуды қамтамасыз ету;
4) ауылдық аумақтарды дамыту саласында орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдардың iс-қимылын үйлестiру.
3. Комиссияның құқықтары
6. Комиссияның заңнамада белгiленген тәртiппен өз мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыру үшiн мыналарға құқығы бар:
1) орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға қажеттi материалдарды сұратуға және алуға;
2) ауылдық аумақтарды дамытудың проблемалық мәселелерiн талдау және зерделеу үшiн мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттiлiгiне қарай тартуға;
3) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға.
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметiне жауап бередi. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ауылдық аумақтар iстерi комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
10. Комиссия отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанында кемiнде бiр рет өткiзiледi.
11. Отырыстардың күн тәртiбiн, сондай-ақ оларды өткiзу уақыты мен орнын Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша Комиссия төрағасы айқындайды және нақтылайды.
12. Комиссия шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылады және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
13. Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады.
5. Комиссияның қызметiн тоқтату
14. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде тоқтатады.