Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу аумағының тiзбесi мен мерзiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 28 наурыздағы N 269 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 13, 147-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу аумағының тiзбесi мен мерзiмi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 6 қаңтардағы
N 18 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 28 наурыздағы
N 269 қаулысымен
бекiтiлген
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық
ауыртпалықтарды) кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу
аумағының тiзбесi мен мерзiмi
N |
Әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің атауы |
Кезең-кезеңмен тiркеудi жүргiзу мерзімі |
1. |
Алматы қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, |
"Мүлiктi жария етуге |
2. |
Астана қаласы, Ақтөбе, |
"Мүлiктi жария етуге |