Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 12 маусымдағы N 807 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 13 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Би-Логистикс жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 12 маусымдағы N 807  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармақтың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "заңнамада белгiленген тәртiппен жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетiнiң шешiмi бойынша сот тәртiбiмен алып қойылған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру болып айқындалсын".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi