Казталов - Жәнiбек - Ресей Федерациясының шекарасы және Ленинск - Ақсу - Көктөбе - Yлкен Ақжар - Курчатов қаласы автомобиль жолдарын республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамына енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 3 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамына:
      жалпы ұзақтығы 162 километр Казталов - Жәнiбек - Ресей Федерациясының шекарасы және жалпы ұзақтығы 227 километр Ленинск - Ақсу - Көктөбе - Үлкен Ақжар - Курчатов қаласы облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары енгізiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Батыс Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп, жоғарыда көрсетiлген автомобиль жолдарын қабылдау-беру жөнiндегi қажетті ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 54, 596-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағындағы республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiнде:
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "Р - 44 Казталов - Жәнiбек - Ресей Федерациясының шекарасы 162
      Р - 45 Ленинск - Ақсу - Көктөбе - Үлкен Ақжар - Курчатов қаласы 227";
      "Жиыны" деген жолдағы "23118,9" деген сандар "23507,9" деген сандармен ауыстырылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi