1. "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгi құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 37, 487-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару үлгi құрылымына:
"Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгі" деген 2-бөлiмде:
2 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сәулет және қала құрылысы департаментi (басқармасы)";
"6. Тұрғын үй департаментi (басқармасы)";
мынадай мазмұндағы 1-1, 15-1 және 17-1-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын әкiмшiлендiру департаментi (басқармасы)";
"15-1. Құрылыс департаментi (басқармасы)";
"17-1. Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментi (басқармасы)".
2. Алматы, Астана қалаларының әкiмдерi "Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысымен бекiтілген штат санын лимиті шегiнде осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.