Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 622 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі N 776 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 22, 237-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінде:
1-тармақтың 9) тармақшасында "мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыдан" деген сөздер "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының 62-бабында көзделген жәрдемақыны қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі