Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі N 537 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 1249 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Кедейлік шегін анықтаудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі N 537  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 18, 198-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу ережесін әзірлесін және бекітсін.";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Кедейлік шегін анықтаудың тәртібінде:
      2-тармақ "Кедейліктің шегі" деген сөздерден кейін "ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына дейін кезең-кезеңмен арттыру қағидатын негізге ала отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақтағы "30" деген сандар "40" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі