1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
13 "Басқалар" функционалдық тобында:
694 "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" әкімшісі бойынша:
008 "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерін салу және қайта жаңарту" бағдарламасында:
"Астана қаласында Министрліктер үйін салу ("Қуат" корпорациясы) деген жолдағы "8000000" деген сандар "8200000" деген сандармен ауыстырылсын;
"Астана қаласында Есіл өзенінің сол жақ жағалауында қосалқы үй-жайларымен 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гараж салу 200000" деген жол алынып тасталсын;
2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға
409-қосымшада
:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны 1) тармақшасының бесінші абзацы алынып тасталсын.
"Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер" деген 7-тармақтағы ", Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы қосымша орын-жайларымен 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гаражы" деген сөздер алынып тасталсын.