Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 және 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 1185 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 23-24, 228-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативінде:
      реттік нөмірі 13-жолдың ІІ тобының 4-бағанындағы "3" деген сан "*" деген белгімен толықтырылсын;
      кестеден кейін мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"* Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үшін сыртқы саяси органның ерекшелігін ескере отырып, саны 5 бірлік қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік нормативі белгіленсін";

      2) Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
      "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі" деген бөлімнің "Автомобильдердің шекті саны" деген бағандағы "1" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі