Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1173 Қаулысы

Қолданыстағы

      Автомобиль жолдарын салуды және қайта жаңартуды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік сатып алудың сапалы және тиімді нәтижесіне қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiмeтi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiмeтiнің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПУКЖ-ы, 2002 ж., N 37, 390-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесінде:
      47-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Құрылыс мерзімі бip жылдан асатын автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту жөніндегі конкурстарға арналған конкурстық құжаттаманың құрамында конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мердігерге мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімі iшiнде, егер материалдардың, жұмыс күшінің және жанар-жағар май материалдарының құны сметадан кемінде он пайызға асып кетсе, сметаны қайта қарау жолымен осы құнның өсуіне байланысты шығындарды өтеуді қарастыруға құқылы.
      Автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту жөніндегі конкурста жеңіп шыққан беруші жыл сайын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан сәттен бастап азаматтық заңнамаға сәйкес тапсырыс берушіге белгіленген нысанда өтiнiм беруге құқылы, онда материалдардың, жұмыс күшінің және жанар-жағар май материалдарының өскен құнын көрсетуі тиіс.
      Көрсетілген өтінімді қарау қорытындылары бойынша конкурста жеңіп шыққан бepушi мемлекеттік сатып алу туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жобалау-сметалық құжаттамаға және техникалық-экономикалық негіздемеге заңнамада белгіленген тәртіппен қайта сараптауға жататын тиісті өзгерістер енгізеді.
      Техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы сараптаудың оң қорытындысына сәйкес бюджет қаражатын қосымша бөлу мәселелері заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі