Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы N 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қарашадағы N 1169 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес және өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы N 202  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген табиғат қорғау заңнамасын бұзушылыққа қарсы күрес және өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігін сақтау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Шпекбаев               - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Алик Жатқамбайұлы        вице-министрі

Евниев                 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Арман Қайратұлы          вице-министрі

Бекжанов               - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Жамбыл Лесбекұлы         қорғау вице-министрі

Хадыркеев              - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Наурызбай Абдулбахиұлы   министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы
                         комитетінің төрағасы, хатшы

Сыздықов               - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Нұрлан Нұрмахамбетұлы    министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті
                         төрағасының бірінші орынбасары;
      мына:
 
"Мырзахметов           - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Асқар Исабекұлы          бірінші вице-министрі"
 
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
 
"Мырзахметов           - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Асқар Исабекұлы          министрі, төрағаның орынбасары";
 
      көрсетілген комиссияның құрамынан Үмбетов Серік Әбікенұлы, Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлы, Отто Иван Иванович, Ысқақов Нұрлан Әбділдаұлы, Сүлейманов Рафик Фрунзеұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі