Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 828 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қарашадағы N 1165 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы N 1707 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1707 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 828 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 29, 385-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Бекбосынов                - Қазақстан Республикасының Әділет
Сабыржан Мәдиұлы            вице-министрі, төрағаның орынбасары

Бекжанов                  - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Жамбыл Лесбекұлы            ортаны қорғау вице-министрі

Стамқұлов                 - Қазақстан Республикасының
Үбайдолла Мырзағалиұлы      Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң
                            ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)

Уақпаев                   - Қазақстан Республикасының Парламенті
Марат Сұлтанұлы             Сенатының Аппараты Сараптама бөлімінің
                            меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты
                            (келісім бойынша)

Идрисов                   - Қазақстан гуманитарлық заң
Ринат Рауфович              университетінің азаматтық және
                            азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы
                            меңгерушісінің міндетін атқарушы
                            (келісім бойынша)

Ихсанов                   - заң ғылымдарының кандидаты, профессор
Ордағали Қажығалиұлы        (келісім бойынша)

Ихсанов                   - заң ғылымдарының кандидаты
Ерлан Ордағалиұлы           (келісім бойынша)

Башымов                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Марат Советұлы              жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
                            комиссияның Сараптамалық-консультативтік
                            кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Ысқақов Нұрлан Әбділдаұлы, Өмірқұлов Максим Қапарұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі