Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 1159 Қаулысы

Жаңартылған

      Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi бiлiм беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынуды;
      2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 77-6-жолмен толықтырылсын:
      "77-6. Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңіраралық кәсiптiк орталық".
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi