Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 сәуiрдегi N 431 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қарашадағы N 1126 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөнiндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 сәуiрдегi N 431  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 147-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамына:
      Құлмаханов Шалбай Құлмаханұлы - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi, төраға болып енгiзілсiн;
      "Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация бiрiншi вице-министрi" деген жолдағы "бiрiншi" деген сөз алынып тасталсын;
      көрсетілген құрамнан Көпеев Мұхамбет Жұманазарұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі