Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 қарашадағы N 1122 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:

      1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлiмiнде:
      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" функционалдық тобында:
      606 "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi" әкiмшiсi бойынша:
      001 "Статистика саласындағы уәкілетті органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасында:
      001 "Орталық органның аппараты" кiшi бағдарламасындағы "209876" деген сандар "180972" деген сандармен ауыстырылсын;
      017 "Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасындағы "84289" деген сандар "113193" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысында :
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бойынша:
      көрсетілген қаулыға  372-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      реттiк нөмiрi 2-жолда:
      "ҚР Статистика агенттiгiн саны 56 штаттық бiрлiк көлемiнде Астана қаласына көшiру, соның iшiнде шығыстар: Агенттiк мүлiктерiн Алматы қаласынан Астана қаласына тасымалдау бойынша; қызметкерлердiң жеке мүлiктерiн тасу бойынша; бiр жолғы жәрдемақы (көтерме ақы) төлеу бойынша; қызметкерлер мен оның отбасы мүшелерiнiң жолақысы бойынша; банк қызметiне арналған; Астана қаласындағы әкiмшiлiк үйге деректер берудiң жергілiктi-есептеу желiсiн және желiнiң орталық торабын қондыруға және монтаждауға арналған." деген абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Кезекшi автокөлiктiң бiр бiрлiгін жалдау";
      реттiк нөмiрi 7-жолда:
      "есептеу техникасын сатып алуға:
      дербес компьютерлер - 100 дана;
      жергiлiктi принтер - 225 дана" деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "есептеу техникасын сатып алу:
      дербес компьютер - 220 дана;
      жергiлiктi принтер - 286 дана.";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "жергiлiктi-есептеу желiсін орнату".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі