Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 1118 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 598 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29. N 598 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

      1 және 6-тармақтарда:
      "Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi" деген жолдарда "бiрiншi" деген сөз алынып тасталсын;

      3-тармақта:
      "Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мұхамеджанов Нұртас Ғафурұлы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi төрағасының орынбасары, төраға";
      "Абдулина Нәйла Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)";

      4-тармақта:
      "Күрiшбаев Ақылбек Қажығұлұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Евниев Арман Қайратұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi, төраға";

      8-тармақта:
      "Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрi, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Байжанов Ерлан Сапарұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрi, төраға";

      11-тармақта:
      "Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары - Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының бастығы, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қошанов Ерлан Жақанұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi, төраға";
      "Қапаров Серiк Әбдiбайұлы." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Poбepт Янг - "Астана халықаралық аэропорты" акционерлiк қоғамының президентi.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі