Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттiк мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану тәртiбiн айқындайтын ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 1110 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 525 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.26 № 525 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттiк мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгi қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану тәртiбiн айқындайтын ереже бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 9 қарашадағы 
N 1110 қаулысымен    
бекiтiлген        

  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында
мамандандырылған мемлекеттік мекемелерiнiң өздерiнiң жарғылық
мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын
қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске
асырудан түскен ақшаны пайдалану ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спорт саласында мамандандырылған мемлекеттiк мекемелерiнің (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер) өздерiнiң жарғылық мақсатына сәйкес келетiн және негiзгі қызметiне жатпайтын қызметтердi көрсету және мұндай қызметтер көрсетудi iске асырудан түскен ақшаны пайдалану тәртiбiн айқындайтын ереже (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы  Заңына  сәйкес әзiрлендi.

  2. Қызметтер көрсету тәртiбi

      2. Қызметтер мынадай тәртiппен көрсетіледi:
      1) дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерiн көрсету;
      2) Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілі емес жеке және заңды тұлғалармен спорттық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде қызметтер көрсету (жарыстарды, арнайы кешендi спорттық iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу);
      3) спорт мүкәммалын пайдалану жөнiнде қызметтер көрсету;
      4) өзге дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға ауысу жағдайларын кейiннен iске асыра отырып, спортшылар мен жаттықтырушыларды даярлау жөнiнде қызметтер көрсету.

      3. Қызметтер мемлекеттiк бюджет шеңберінде қаржыландырылатын негізгі қызметтiң орнына көрсетілмейдi.

      4. Қызметтер көpceту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен шарттық негiзде жүзеге асырылады.

  3. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметтердi iске асырудан
алынатын, олардың иелігінде қалатын түсiмдер мен
шығыстарды пайдалану тәртiбi

      5. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметтердi iске асырудан алынатын, олардың иелiгiнде қалатын ақша мемлекеттік мекемелер қызметтердi iске асырудан алынатын ақшаны есепке алу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетінде ашатын шотқа аударылады және осы Ережеге сәйкес пайдаланылады.

      6. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметтердi iске асырудан алынатын, олардың иелігінде қалатын ақша есебiнен операцияларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен олардың түрлерi бойынша қызметтердi iске асырудан алынатын ақшаның түсiмдер мен шығыстар жоспарларын жасайды және оны бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкімшісі бекiтедi.

      7. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметтерiн iске асырудан алынатын, олардың иелігінде қалатын ақша:
      1) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi сауықтыру топтарының жаттықтырушыларына еңбекақы төлеуге, осы топтарды ұйымдастыруға байланысты шығыстарды жабуға;
      2) спорт құрылыстары мен ғимараттарын ұстауға, жөндеуге, мамандандырылған жабдықтар мен мүкәммал, спорт киiмдерiн сатып алуға, оқу-жаттығу жұмысын қамтамасыз етуге, жарыстарға қатысуға, спорттық iс-шаралар өткiзуге, әкiмшілiк-басқару және шаруашылық шығыстарына;
      3) спорт мүкәммалы мен жабдықтарын жөндеуге;
      4) автомобильдi және арнайы көлiктi ұстауға, арнайы техника мен жабдықтарды жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге;
      5) спорттық iс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, төрешiлер мен медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеу, мәдени-бұқаралық және сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру жөнiндегі шығыстарды жабуға;
      6) қызметтік iссапарларға;
      7) спортшыларға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудi жақсартуға, әкiмшiлiк, шаруашылық, жатын және көмекшi үй-жайлар үшiн жиһаз сатып алуға;
      8) ғимараттарды, құрылыстарды күрделі жөндеуге, шаруашылық және өзге де ағымдағы шығыстарға;
      9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң спортшыларымен оқу-жаттығу және жарыс процестерін ұйымдастыру үшiн үй-жайлар мен жабдықтарды жалдауға ақы төлеуге;
      10) заттай мүлiк заттарын және басқа да нысанды әрi арнайы киiм-кешек сатып алуға, тiгуге және жөндеуге;
      11) коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтерiне ақы төлеуге;
      12) көлiктiк қызметтерге ақы төлеуге;
      13) заңды және жеке тұлғалар шарт бойынша көрсететiн қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге;
      14) банктiк қызметтерге ақы төлеуге;
      15) оқу шығыстарына ақы төлеуге;
      16) спорттық iс-шаралардың жеңiмпаздары мен қатысушыларына берілетiн жүлделерге, естелiк сыйлықтарға, грамоталар мен ақшалай сыйақыларға;
      17) спорттық iс-шараларға қатысу үшiн жарналарға;
      18) спортшылар мен құрама командалардың оқу-жаттығу процесiн фармакологиялық қамтамасыз етуге;
      19) заңдық қызметтерге жұмсалады.

      8. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметтердi iске асырудан алынатын, олардың иелiгiнде қалатын ақшаны есепке алу және олардың жұмсалуы туралы есеп беру Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады.