Ақтау - Құрық және Құрық - Жетiбай автомобиль жолдарын республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне қосу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қарашадағы N 1095 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Құрық портпунктiнiң" дамуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне:
      ұзақтығы 59 километр Ақтау - Құрық және ұзақтығы 64 километр Құрық - Жетiбай автомобиль жолдары қосылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Маңғыстау облысының әкiмiмен бiрлесiп, жоғарыда көрсетiлген автомобиль жолдарын қабылдап алу-беру жөнiндегi қажетті ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 54, 596-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiнде:
      "A-34 Жетiбай - Жаңаөзен - Фетисово - Түркменстан Респ.шек. (Түркменбашы қаласына) 237" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "A-35 Ақтау - Құрық 59
      А-36 Құрық -  Жетібай 64";
      "Жиыны" деген жолдағы "22995,9" деген сандар "23118,9" деген сандармен ауыстырылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi