Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 қаулысына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қарашадағы N 1094 Қаулысы

Қолданыстағы

      "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы  Заңына , "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлiмiнде:
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      09 "Басқалар" iшкi функциясында:
      217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
      010 "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервi" бағдарламасында:
      100 "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервi" кiшi бағдарламасындағы "3875899" деген сандар "3375899" деген сандармен ауыстырылсын;
      101 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервi" кiшi бағдарламасындағы "11883014" деген сандар "12383014" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен "ҚазҚуат" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 350880000 (үш жүз елу миллион сегiз жүз сексен мың) теңге бөлiнсiн.

      3. "ҚазҚуат" акционерлiк қоғамына "Мойнақ ГЭС-i" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталындағы 350880000 (үш жүз елу миллион сегiз жүз сексен мың) теңге сомасына тең 1 (елу бiр) пайыз мөлшерiндегi үлесiн төлеу ұсынылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі